20 маусым. KAZISLAM – Жамбыл облысы Байзақ ауданында «Рухани жаңғыру» кеңсесінде «Елбасы саясатының жарқын жетістігі – дінаралық келісім» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараны аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Иманова ашып, қолға алынған іс-шаралардың мақсатына тоқталды.

Одан ары қарай сөзді алған облыс әкімдігі Дін істері басқармасының теолог маманы Бақтияр Алпысбаев діннің қоғамда алатын орнына тоқтала келіп, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың елімізде, халықаралық қауымдастықта бейбітшілік пен дінаралық келісім орнатудағы ерен еңбегін атап өтті.

Сонымен қатар, теолог маман жаратылғандардың діндері бөлек болғанымен Жаратушысы бір екендігін, адамды қадірлеу, елге, Отанға қызмет ету, ұлттық құндылықтарды сақтау, дінаралық келісім мен толеранттылық –бейбітшіліктің негізі екендігін жеткізді.