KAZISLAM – Кеше Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен Дін мәселелерін зерттеу орталығы «Ақпараттық кеңістікте дін саласындағы өзекті тақырыптарды жариялау бойынша БАҚ өкілдері мен блогерлерге арналған семинар-тренингін» өткізді.

Іс – шара барысында қатысушылар дін саласындағы мемлекеттік саясаттың ақпарат кеңістігіндегі ұйымдастырылуы мен дін тақырыбына қатысты ақпараттық-сараптамалық өнімдерді даярлау мен оқырманға жеткізудің жаңашылдығымен өзекті мәселелері жөнінде пікір бөлісіп, тәжірбие алмасты.

Аталмыш іс-шараға БАҚ және блогерлер қауымдастығының өкілдері қатысып өз ой пікірлерін ортаға салды. Семинарды ашқан Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Әлмұқнов Нұрдаулет Иманәліұлы «Бүгінгі ақпараттық қоғамның маңызы мен ерекшелектеріне тоқталып, БАҚ өкілдерінің дін тақырыбын жариялау мен жазудағы өзектілігін атап өтті. Сондай–ақ дін тақырыбында ақпарат дайындайтын журналистер қауымдастығының ел болашағы алдындағы жауапкершілігі өте үлкен екеніне де мән беріп, іс–шараға қатысушыларға өз алғысын білдірді.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Шипажайға жолдама берілді

Пікір жазу