«Қазақстанның діни бірлестіктері өкілдерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысуы» тақырыбында Қазақстанның діни бірлестіктер өкілдері отырысы өтті.

Отырыс жұмысына Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің қызметкерлері, діни ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ осы бағытта маманданған «Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері қатысты.

Өзінің алғысөзінде Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы мүлтіксіз сақтау қажеттігін атап өтті. Ержан Нүкежанов осы келеңсіз құбылысқа қарсы іс-қимылда, атап айтқанда сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыруда, жекелеген ұжымдарда ғана емес, жалпы қоғамда құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау мен жоюда күш-жігерді біріктіру сұрақтарына тоқталды.

Өз кезегінде «Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері өз қызметінің негізгі бағыттарын таныстырды.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында қатысушыларға практикаға енгізілген мынадай тетіктер түсіндірілді: мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, стандарттар, қаржылық бақылау шаралары және т.б.

Осы ретте, діни қайраткерлер әлемдік және дәстүрлі діндерде адам өмірін реттейтін, оның этикалық нормаларын көрсететін нұсқаулар бар екенін атап өтті. Олар басқаша көрінуі мүмкін, алайда олардың ортақ мағынасы бар – сыбайлас жемқорлықты қабылдамау.

Жалпы, отырыс барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және жолын кесу мәселелері бойынша ашық диалог пен нәтижелі пікір алмасу болды.

Іс-шара соңында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнін мерекелеуге байланысты діни бірлестіктер өкілдері Жиналысы мүшелерінің атынан Қазақстан халқына Құттықтау мәтіні бекітілді.

Пікір жазу