Сұрақ: Дін мен ғылымның бірлікте өмір сүруі мүмкін бе?

Жауап: Әдетте мұндай сұрақты исламнан білімі таяз немесе исламды дұрыс түсінбеген адамдар жиі қояды. Жалпы білім беру үрдісінің өрістеп, өркениеттің дамуына исламның зайырлы білімді теріске шығармауы зор ықпал етті. Ислам мәдениетінің өркендеу ғасырына түрлі ғылымдар еркін зерттеліп, тыйым салынбады. Мысалы, энциклопедизм – сол дәуірдің тек білім беру үрдісіне ғана емес, ғылыми танымға да тән болды.

Ғалымдар мен ойшылдар білімнің әртүрлі салаларына: саясат пен құқыққа, этика мен экономикаға, теология мен философияға, әдебиет пен поэзияға, музыка мен жаратылыстану ғылымдарына, тарих пен техникаға, география мен космогонияға, алхимияға, геометрияға, алгебраға, лингвистикаға, медицинаға және т.б. назар аударып, сол білімдердің негізін қалады.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Әрбір адамға бір шайтан тиесілі ме?

Өнердің дамуы да (архитектура, қол өнері, шешендік өнері, каллиграфия, сызу т.б.) ғалымдардың ізденістерінен тыс қалмады. Керек болса, Еуропа мен Қиыр Шығыс қараңғылықтағы кезде ислам әлемінде жоғарыда аталған ғылым салаларының қаншалықты дамығаны бізге әлем тарихынан белгілі.

Бұл дәуірге қатысты тарихшы мен ойшыл ғалымдары сол кездерде араб-мұсылман әлемінің артынан ерген Еуропаны «бойсұнушы шәкірт» деп атаған. Өйткені, ортағасырдағы Еуропа грек ойшылдарын және олардың шығармаларын араб тілінен латын тіліне аударып қана танысу мүмкіндігіне ие еді.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Пікір жазу