KAZISLAM – Ағымдағы жылы 23 қазанында Нұр-Сұлтан қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығы елорда әйелдер жамағаты үшін кезекті «KinoTime» сағатын өткізді.

Орталықта ұйымдастырылған іс-шараның ашылуында Дін мәселелерін зерттеу орталығы директорының орынбасары Ж.Сүлейменов, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ университетінің Саясаттану кафедрасының меңгерушісі И.Рыстина және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ аймақтану кафедрасының меңгерушісі А.Оспанова сөз сөйледі.

«KinoTime» сағатында «Сердечко» көркемфильмі көрсетілді. Іс-шараға қатысушылар акпараттық таратпа материалдарын және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «іКОМЕК-109» қауырт желісі туралы, соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық діни іс-шаралары мен сұрақтарына жауап алатындығынан хабардар болды. Іс шара аясында барлығы 10 көрермен қамтылды.

Пікір жазу