8 тамыз. KAZISLAM – Алматы облысы Дін істері басқармасының әлеуметтік тапсырысы негізінде «Дін және мәдениет – руханият әлемі» атты қоғамдық-саяси газеті жарыққа шыға бастады.

Газеттің мақсаты – діннің асыл құндылықтарын дәріптеу, ұлттық сананың қалыптасуына ықпал етіп, ұлттық мүддемізді қорғауға бейімдеу, ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптеу және Алматы облысы аумағындағы діни жаңалықтар мен осы салада атқарылып жатқан ауқымды шаралар туралы, сондай-ақ елімізде қалыптасқан мемлекеттік-конфессияаралық келісімнің заңдылығын сақтап, халықтың діни сауаттылығын арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар газеттің ақылдастар алқасының құрамында Жұмахмет Жайлаубаев – облыстық «Жетісу» телеарнасының бас продюссері, Жұматай Әміреев – облыстық «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары, Забира Дайранқызы – «Огни Алатау» газеті бас редакторының орынбасары, Нұрила Бектемирова – «Қазақстан Дәуір» газетінің Алматы облысы бойынша меншікті тілшісі бар.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  «Әзірет Сұлтан» мешітінде құран көрмесі өтті

Газет айына екі рет қазақ және орыс тілдерінде шығады. Әзірге таралымы 1000 дана.