Дін қызметкерлерінің этикасы

    0
    165

    Діни басқарма тарихында тұңғыш рет қабылданған құжатта мынадай мәселелер қамтылған:

    — имамдардың заманауи ақпарат құралдарын, ғаламтор, байланыс құралдарын жете меңгеруі, шешендік өнер, сөйлеу әдебін игеруі;

    — мешітке келушілерге көркем мінез көрсетуі, олардың өтініштері бойынша қажетті шараларды жүзеге асыруы;

    — жұмыс уақытын тиімді пайдалануы, жоғары кәсіби жұмыс үшін барлық күш-жігерін жұмсап, белсенді болуы, қойылған міндеттерді шешудің оңтайлы да тиімді әдістерін қолдануы;

    — өзін жан-жақты дамытуы, қосымша ілім алуы, дүниелік ілімдерді меңгеруі, үгіт-насихат жұмыстарында уағызды Қазақстан тарихымен, салт-дәстүрмен, әдеп-ғұрыппен, би-шешендердің қанатты сөздерімен, мақал-мәтелдермен ұштастырып, қазақ халқының ұлы тұлғаларының (әл-Фараби, Қожа Ахмет Йасауи, Жүсіп Баласағұни, Абай, Ыбырай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп, т.б.) өсиетті өлеңдері мен ғибратты әңгімелерімен көркемдеп айтуы;

    — ұжымда іскерлік танытып, қызметкерлер арасындағы ынтымақ, бауырмалдық құндылықтарды арттыруға ықпал етуі, олардың отбасы, әлеуметтік жағдайына мән беруі, ұжымда кез-келген мәселе көрініс берген жағдайда дер кезінде орынды, оңтайлы шешім қабылдауы;

    — отбасына мұсылмандық тәрбие беруі, олардың киім кию әдебіне, зайырлы білім алуына көңіл бөлуі;

    — көршілермен, туған-туыстарымен жақсы қарым-қатынаста болуы, оларға әрдайым құрмет көрсетуі, қайғысы мен қуанышына үнемі ортақтасып отыруы;

    — қоғамға отбасымен үлгі бола білуі;

    — жақсы істерге, қайырымдылық шараларға әрдайым өзі бастамашыл болуы, қоғамды ізгілікке бастауы;

    — қоғамдық іс-шараларға қатысып, белсенділік танытуы керек.

    Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ,

    ҚМДБ баспасөз хатшысы

    Пікір жазу