Дін атын жамылған ағымдардың қоғамға залалы қандай?

    686

    Осы сұрақ төңірегінде облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жоспарына сәйкес, Атырау облысы, Қызылқоға аудандық Қазақтелеком АҚ-да мекеме қызметкерлерімен кездесуде талқыланды.

    Кездесуге ақпараттық-талдау орталығының маманы Н.Ғизат, аудандық «Бәйтерек» мешітінің бас имамы М.Сұлтанов, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының теологы Ш.Темірқұлұлы қатысты. Олар жат ағымдардың ерекшеліктері мен сипаттарын баяндай келе, олардан сақтану жолдарын түсіндіре кетті.

    Сонымен қатар, «Бәйтерек» мешітінің бас имамы М.Сұлтанов ұлттық құндылықтарды насихаттап, халқымыздағы қыз тәрбиесінің маңыздылығы жөнінде түсіндіріп өтті. Теолог Ш.Темірқұлұлы дәстүрлі емес ағымдардың Қазақстан аумағында таралуы және олардың қоғамға әсері туралы айта келе, жас ұрпақтарға бағыт-бағдар көрсету керектігіне тоқталды.

    Шара соңында мекеме қызметкерлері көкейтесті сұрақтарына мамандар тарапынан нақты жауаптар алды.

    Пікір жазу