Сейсенбі, 26 Қыркүйек, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Деструктивті ағымды ұстанған батыс қазақстандықтар есірткі тасып жүр

16.10.2019
- Ағымдар ақиқаты
0
1.1k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Деструктивті идеологияның жетегінде кеткен атыраулықтар жасаған сұмдық қылмыстар әшкере болып жатыр. Басқа басқа, есірткі сатумен, мал ұрлығымен айналысуды үйреншікті іске айналдырып келгендердің лас тірлігі – дінді ойыншық еткендердің шынайы бет-бейнесін көрсетіп тұрғандай…

Күні кеше Қармақшы ауданында ірі көлемде есірткі тәркіленді. Құзырлы органдар таратқан мәліметке қарағанда, оқиға 8 қазан күні болған. Қызылорда облыстық есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы мен Қармақшы аудандық полиция бөлімінің бірлескен жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде  Қармақшы ауданына қарасты  Жосалы кентінде күдікке ілінген көлік тексеріледі.

 «Абай көшесі бойындағы «Қазақтелеком» ғимараты алдында Атырау облысының Құлсары қаласының тұрғыны Н.А-ның көлігі тексерілді. Сол кезде көлік ішінде болған жолаушы, Орал қаласының тұрғыны А.Д-ның сөмкесінен жасыл түсті, өзіне тән иісі бар алты орама өсімдік табылды. А.Д-ның екінші қара түсті былғары сөмкесінің ішіндегі киімінің арасынан да тап осындай тағы бір полиэтилен пакетке салынған өсімдік шықты. Жүргізілген сот-сараптамалық жұмыстар белгісіз заттың кептірілген марихуана екендігін  анықтады» делінген құзырлы органдар таратқан мәліметте.

 Осылайша, арнайы операция кезінде салмағы 12 келі 524 грамм болатын есірткі тәркіленіп отыр.

Қазіргі уақытта  оқиғаға тікелей қатысты үш адам күдікті ретінде қамауға алынды. Оның ішінде, Атырау облысына қарасты Құлсары қаласының тұрғындары 1981 жылы туған Н.А. мен 1986 жылы туған К.А. және Орал қаласының тұрғыны 1988 жылғы  А.Д. бар.

«Заттай айғақпен ұсталған бұл үш азамат есірткі, психотроптық және сол тектес заттарды заңсыз дайындау, иемдену, сақтау бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталып отыр. Тергеу ісі жалғасуда» делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің мәліметінше, есірткімен ұсталған бұл азаматтар деструктивтік діни ағым өкілдері болып шықты.

Жат ағымның жетегінде кеткендердің мұндай лас істеріне қатысты қылмыстық хроника бір мұнымен аяқталмайды.

Мәселен, бұған дейін Атырауда мал ұрлығымен айналысып келген қылмыстық топ ұсталған еді. Деструктивті ағымның жетегінде кеткен қылмыстық топ Атыраудағы Махамбет ауылында қолға түскен болатын.

«Атырау – Индер» трассасындағы ГАЗель көлігін тексеру кезінде мал ұрлығымен айналысып жүрген топтың қылмыстық ісі әшкере болды. Сол сәтте үш бірдей малды ұрлап бара жатқан 29 және 42 жастағы азаматтар жергілікті тұрғын болып шықты. Алдын-ала тергеу шаралары кезінде күдіктілердің  деструктивті ағым өкілі екендігі анықталды» делінген Атырау облыстық полиция департаменті таратқан мәліметте.

Қазіргі уақытта күдіктілердің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бап, 2 бөлімі бойынша іс қозғалып жатыр.

ДАИШ-тың ұстанымы – буквалистік-сәләфилік бағыт

21.09.2023
Қызылбастар деп кімдерді айтамыз?

Қызылбастар деп кімдерді айтамыз?

15.09.2023

Ислам – қылмысты емес, тазалықты насихаттайтын асыл ілім. Дінді ойыншыққа айналдырғандардың тікелей қатысымен болған қылмыстық оқиғалар – деструктивті ағым өкілдерінің шынайы бет пердесін ашып беріп тұрғандай…

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Тегтер: Баян ЖанұзақоваДеструктивті ағымҚармақшы ауданыҚұлсарымарихуана
Бөлісу27Твитерге17Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Марихуанадан мармелад жасап сатқан
Жаңалықтар

Марихуанадан мармелад жасап сатқан

11.07.2023
«Деобанд» медресесінің діни және саяси ұстанымына шолу
Ағымдар ақиқаты

«Деобанд» медресесінің діни және саяси ұстанымына шолу

31.05.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Рухани келісім – ұлттар мен діндер арасындағы татулық

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    1542 рет бөліскен
    Бөлісу 617 Твитерге 386
  • «Хикмет» cөзінің мағынасы қандай?

    824 рет бөліскен
    Бөлісу 330 Твитерге 206
  • Дұрыс дұға жасау әдебі

    4977 рет бөліскен
    Бөлісу 1989 Твитерге 1243
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    7523 рет бөліскен
    Бөлісу 3009 Твитерге 1881
  • Духа намазы қалай оқылады?

    2174 рет бөліскен
    Бөлісу 869 Твитерге 543

Соңғы жарияланымдар

Шымкент: Діни сауат ашу үшін «Имандылық үйірмесі» ашылды

26.09.2023
0
Шымкент: Діни сауат ашу үшін  «Имандылық үйірмесі» ашылды

Толығырақ оқу

Қажылар туралы хикаялар – 10

26.09.2023
0

Толығырақ оқу

Отан артық па, Мекке артық па?

26.09.2023
0

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00