Сұрақ: Дене-мүшемен зікір ету дегеніміз не?

Жауап: Зікір – Алланы еске алуды білдірсе, дене мүшемен зікір ету дегеніміз – Аллаға арнап көптеп құлшылық жасау және Оған бойсыну.

«Қашан намаз өтеп болсаңдар, Алланы тұрып, отырып және жатқан бойда еске алыңдар. Қашан тынышталсаңдар, онда намазды толық орындаңдар. Себебі намаз мүміндерге белгілі уақытта парыз қылынды». (Ниса; 103)

Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағала: «Мен пендемнің ойлаған жеріндемін. Егер ол Мені зікір қылса, Мен сонымен біргемін. Егер ол мені жалғыз отырып зікір етсе, Мен де оны жалғыз отырып есіме қыламын. Егер ол Мені адамдардың қасында отырып зікір қылса, Мен де оны басқалардың қасында есіме аламын және бұлар олардан қайырлы.

Егер пендем Маған бір қарыс жақындаса, мен оған бірнеше қарыс жақындаймын. Егер ол маған бірнеше қарыс жақындаса, Мен оған бірнеше есе жақындаймын. Егер ол Маған жүріп келсе, Мен оған жүгіріп барамын», – деп айтады» деді» деген риуаят жеткізіледі (Бұхари, Мүслим, Термези, Нисай және Ибн Мажаһ)

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  «Жақсы сөз айт немесе үндеме». Осы хадисті ашықтап түсіндіріп берсеңіз?

Хадис құдсиден көргеніміздей, Алла Тағаланы барлық уақытта зікір етуге болады, басқаша айтқанда, отырған уақытта, жамбастап жатып та, қолымыз босаған кезде, жолдастармен және жалғыз отырғанда да зікір етуге рұқсат: «Ей, мүміндер! Алланы көп зікір етіңдер» (Ахзап: 41).

Келесі аят былай деп хабар береді: «Енді Мені еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын және Маған шүкірлік қылыңдар да, қарсы болмаңдар». (Бақара; 152)

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Пікір жазу