(200925) -- SYDNEY, Sept. 25, 2020 (Xinhua) -- A humpback whale springs out of water in Jervis Bay, south of Sydney, Australia, Sept. 23, 2020. TO GO WITH 'Feature: Trouble in Australia's humpback whale paradise as tourists dry up' (Xinhua/Bai Xuefei)

Массачусетс штатының сүңгуірі Жүніс пайғамбардың (ғ.с.) тағдырын қайталап, киттің ішінен аман шықты.

56 жастағы Майкл Пакард Атлант мұхитының жағалауында лобстер аулап жүрген болатын. Аквалангпен суға секірген ол бір кезде қатты соққыны сезініп, артынша айналасының бәрі қап-қара түнек болып кеткенін байқайды.

«Киттің ауыз бұлшықеттері мені жан-жағымнан қапсыра қысып жатқанын сезіндім», – дейді ол.

Оның бақытына орай, бір уақытта кит айдын бетіне шығып, дайверді сумен бірге сыртқа атып жібереді.

Пакард киттің ішінде болған уақытта өлім туралы ойлап, балаларын есіне алғанын айтады.

Осы жағдайдан кейін Майкл аурухана жеткізіледі. Алайда, дәрігерлер азын-шоғын жарақаттан басқа денсаулығына ешқандай қауіп жоқ деп, оны үйіне жіберді.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Қазақстан делегациясы "Құл-Шәріп" мешітінде

Айта кетсек, Құранда жазылғандай, Жүніс пайғамбарды (ғ.с.) да кит жұтып қойып, оның асқазанында бірнеше күн болып, кейін Жаратушының әмірімен аман-есен шыққан болатын.

Пікір жазу