Карен Армстронг

Иудаизм, христиандық

пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс:

ҚҰДАЙТАНУ БАЯНЫ

Армстронг К. Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018 жыл – 552 бет. A HISTORY OF GOD The 4000-year quest of judaism, christianity and islam.

Санамыздағы бір Құдайға деген сенім қайдан келіп орнықты? Адамзаттың Жаратушы туралы түсінігі қалай сатылап өзгеріп отырды? Жаратушыны әлемдік үш ұлы дін – яхудилік, христиандық пен ислам – қандай сипаттарымен таныды? Бұл үш дін бір-біріне қалай ықпал етті? Автор осы сауалдарға жауап іздеп, тамаша ғылыми зерттеу жасаған: бір кітаптың шеңберінде монотеизмнің тұтас тарихын қамтыған – Ибраһимнен біздің заманымызға, антикалық философиядан ортағасырдағы мистицизмге, Қайта өрлеу мен реформашылық дәуірдегі рухани ізденістерден қазіргі заманғы скептицизмге дейінгі Жаратушыны тану тарихын баян еткен. Яхудилік, христиандық пен исламның өрісі аясында адамзат ақыл-ойының Жаратушы туралы ұғым-түсінігінің даму кезеңдерін көрсеткен. Карен Амстронг ханым – ағылшын ғалымы, Батыстағы дін тарихы туралы ілімнің әлемге танымал маманы. “Будда”, “Иерусалим: Бір шаһар, үш дін”, “Мұхаммед. Пайғамбардың ғұмыр- намасы”, “Құдай үшін талас. Фундаментализм тарихы” сияқты тамаша еңбектердің авторы. Оның шығармалары әлемнің қырықтан астам тіліне аударылған.

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылды.

ISBN 978-601-7943-06-6

Жүктеп алу: ҚҰДАЙТАНУ БАЯНЫ