ДАИШ «мүфтиі» қаза тапты

    120

    Ирак әскери күштері басқармасының мәліметінше, содырлар «мүфтиін» жер жастандырған әуе соққысы Рава қаласы ауданында жасалған. Қазіргі уақытта үкімет әскері қаланың батысындағы Анбар провинциясы тарапынан жаппай шабуыл жасауға көшті. Оның нәтижесінде бірнеше террорист пен көлік құралдарының көзі жойылды.

    Айта кетсек, Ирак әскері Сириямен шекаралас Рава қаласын азат ету операциясын өткен демалыс күні бастады.

    Пікір жазу