Время намаза

Намаз уақыты / Время намаза

Ағымдар ақиқаты

Бір отбасындағы түрлі діни көзқарас қайда апарып соғады?

Қазіргі таңда жаһандық құбылыстармен бірге плюральды ойлау жүйелері мен көп қабатты мәдени, діни құндылықтардың қатар өмір сүру ерекешеліктері үйреншікті жағдай сияқты болып кетті. Бір мемлекетте әр түрлі мәдениет, дін, ұлт өкілдерінің қатар өмір сүруі табиғи жағдай, ал отбасы үшін бұл құбылыстың табиғи жағдай болуы қиын.

Діни алауыздық қалай пайда болды?

Иә, ойлап қарағанға бұл заманның негізгі дерт пен індеттерінің бірі. Елге жайылар індеттің түр-түрі болса мұның да терісін өзгертіп құбылып шыға беретін түрлері көп болмақ. Жалпы адам – заманның баласы. Ендеше «экстремизм» мен «терроризм» деп айдар тағып жүргендері соңғы ғасырларда атап жүргендері. Әсіресе «діни экстремизм» деп жүргені де тым кереғар қылық.

Адасқандар

Сайдың тасындай іріктелген, тепсе  темір үзетін  жас  жігіттер өз Отанына, ұлтына  қарсы шықты.  2012 жылы  4 ақпанда Оралда  Ернұр Ахатовтың  тобы  қолға  түсті.  Олар Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің ғимаратында,  БҚО  ішкі  істер департаментінде,  прокуратурада  жарылыс  жасауды  жоспарлаған. Мемлекетті  кәпірлер басқарып отыр деген  топ мүшелері  қоғам қайраткерлерін, зиялыларды, өнер шеберлерін кәпірлер деп, өнер кештерін өткізуді, ізгілікті үндейтін игі істерді  харам  деп  үгіт-насихат жүргізген. Топ басшысы Ернұр Ахатов 1984  жылы  туған.  Жоғары білімді, үйленген, 3  баласы бар. Бұл топтағы  8  жігіт қылмысты деп танылып,  түрлі мерзімге  бас  бостандықтарынан айырылды.  

Харижиттердің шығу тарихы және олардың дүниетанымдары

Тарих сахнасында пайда болған адасқан топтардың бірі – харижиттер. Харижит сөзін тілдік тұрғыдан қарастыратын болсақ, ол араб тіліндегі «خروج» - хуруж «бөлектеніп қарсы шыққан» деген сөздің мағынасындағы «х-р-ж» түбірінен тарайды. Яғни харижи сөздікте – «бөлініп шығу», «мойынсұнудан бас тартып, көтеріліс жасау» деген мағыналарды қамтыды.

«Ән-Нусра» лаңкестері тамырын қайдан тартады?

Ән-Нусра террористік ұйымы АҚШ әскерінің 2003 жылғы Иракқа шабуылы кезінде алғаш рет бой көрсетті. «Араб көктемі» төңкерісі кезінде Сирия территориясына өтіп, Башар Асад режиміне қарсы қарулы күрес жүргізуді бастады. Ұйымның діни ұстанымы неохарижттік (салафилік) идеологияға негізделген.

Діни экстремизм мен терроризмнің жаһандық көрінісі

Соңғы жылдары бүкіл әлемге үлкен үрей мен қорқыныш, болашаққа қауіп төндіруші діни экстремизм мен терроризм індетінің белгілі бір елдерде алып ошағы қалыптасып, қанатын кеңге жая бастады.

ИШИМ: бетперденің арғы жағындағы кім?

Ия, бүгінде өзін ИШИМ (Ирак және Шам ислам мемлекеті) етіп жариялаған ұйымды естімеген адам жоқ шығар. Әдетте, Ислам деген уақытта адамның ақылына мейірім, қайырымдылық, ізгілік пен достық сияқты т.б. көптеген адамгершілік ұғымдар келеді.

Санаңды шырмап, саныңды соқтыратын «сәләфизмнің» сүрлеуі секемді

Өзегін өкініш өртеді Халқымыз «адасқанның айыбы жоқ, қазығын қайта айналып тапқан соң» деп жатады. Жат ағымның шылауында кеткен жастардың тағдыры кімді де болса толғандырады....

Сәләфизм туралы (І бөлім)

Сәләфизм – 1-Бөлім

Исламға қатысты дәстүрлі емес діни ағымдардың идеологиялық астары

Ел тәуелсіздігінің ақ таңы атқанына 20 жылдан астам уақыт өтті. Осы қысқа мерзім ішінде елімізде Исламның немесе басқа діндердің атын жамылған дәстүрлі емес діни ағымдар тамырын жіберіп, қатарын көбейтіп үлгерді. Аллаға шүкір дейміз, барлығына болмаса да, кейбір теріс пиғылды діни ағымдар мен ұйымдардың қызметіне сот шешімімен тыйым салынып, таралуына шектеу қойылды. Әрине, бұған «Хизбут тахрир», «әл-Ихуан әл-Муслимун» және ағымдағы жылғы ақпан айында Астана қаласы, Сарыарқа ауданы сотының шешімімен тыйым салынған «Таблиғ жамағаты» халықаралық миссионерлік ұйымын мысалға келтіруге болады.

Көп қаралғандар

Соңғы жарияланымдар