Время намаза

Намаз уақыты / Время намаза

Ораза

«Қадыр» негізгі өлшем – Адам

Қадыр түнінің қадірін білесің бе? Қадір түнінің мәні неде? Бұл сұрақ Құранда да бар: «уа ма адрака ма лайлат ал кадр».

Рамазан – ізгілік атаулының тұма-бастауы

Рамазан кешірім және илаһи сый-сияпаттың қазыналы кені. Рамазан айында жан-тәнімен ғибадат жасаған жанның иншалла тәубесі қабыл болып, жапырағынан айырылған күзгі ағаштай күнәлары бойынан төгіліп түседі.

Ораза – ішіп-жеуден ғана тыйылу емес, көңілді кір ойлардан тазарту

Бір күні Алла елшісі (с.ғ.с.) сахабаларын алқақотан отырғызып қойып, оларға ақырет туралы насихат айтады. Ақырет өткелдері туралы айта келіп, соңында маһшарда адамның амалы қалай бағаланады деген мәселе сөз болады. Сол кезде Хақ елшісі (с.ғ.с.) қиямет күні бір қауымның Алланың құзырына таудай сауаппен келгенімен, оларға сауаптың еш пайдасы тимейтінін жеткізеді. Оны естіген сахабалардың зәре-құты қалмайды.

720 сағат қана уақытың бар…

Ибн Масғұд айтады: «Мен әр күні күн батып ажалым жақындағанын  сеземін. Егер, мен сол күнді ешбір игі амалсыз өткізетін  болсам, онда мен үшін орны толмас өкініш сол болады»

Шынайы оразашыға ашылар қақпа, ол – Райян

Өзімен бірге қуанышқа толы көтеріңкі көңіл, құт – береке әкелген, жүрек дүрсілі тек Раббысына болған махаббаттан парлатып жас төккен түндер, жыл бойына көкейде қаланған шерді айтып тәубе етер, еңіреп сырласар күндер адамзаттың құлшылығына құшақ жайған – айлардың патшасы Рамазан, еліме қош келдің!

Ораза айты қандай мереке?

Ислам дініндегі қойны-қонышы хикметке толы илаһи зор қуаныштың бірі – Ораза айт мерекесі екені әмбеге аян. Мұсылман әлемі отыз күн оразадан кейінгі Шәууал айының алғашқы үш күнінде Ораза айт мерекесін тойлайды. Пайғамбарымыз (с.а.у) Ораза айт мерекесін алғаш рет хижраның екінші жылы (624 жылы)  атап өткен.

Кешір бізді, Рамазан!

Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ислам ғаріп боп келіп, ғаріп боп қайтады. Ғаріптерге жәннат болсын», – деген екен. Алғашқы буын және олардың тәлімін алған халаф буынның өкілдерінің өмірбаянын оқысаң, дін өз адамдарының расында ғаріп болғанына көз жеткізесің.

Ол ізгілердің оразасы мен түнгі ғибадаты жайлы естіген кезде бүгінгі буын сол ғибратқа толы ғұламалар мен тақуалар әңгімесіне қаншалықты мұқтаж екеніне тағы бір рет көзім жетті.

Олардың тұтқан оразасы мен рамазан айындағы құлшылыққа деген құлшынысын көріп еріксіз: «Рамазан, бізді кешір», – дейсің.

Қадір түнінің хикметі

Имам Ахмет Ханбалидің риуаят етуі бойынша, бірде Рамазан айында Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Рамазан айы келді. Бұл – қасиетті бір ай. Бұл айда ауыз бекітуді Алла сіздерге парыз қылды. Бұл айда жұмақ есіктері ашылып, тамұқ есіктері жабылады. Шайтандар шідерленеді. Бұл айдың сондай бір түні бар, ол бір ай мыңайдан да қайырлы. Бұл түннің шарапатынан мақұрым қалған шынында мақұрым қалған саналады» деп бұйырған. Бұл хадис-шарифті атақты Нәсаи да өз шығармасында айтып өтеді. Сондай-ақ, Бұхари мен Мүслімнің шығармаларында Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мынандай хадис-шарифі баян етіледі: «Кім Қадір түнін иман және ықыласпен құлшылық жасап өткізсе, бүкіл күнәлары кешіріледі». Бұл қасиетті түнді құлшылықпен өткізген мұсылманға, періштелердің салауат айтып, оған бейбіт өмірді тілейтіндігі хақында, Сайд ибн Мансур және өзге де ғұламалар мынандай риуаятты жеткізеді: «Бұл түн бейбітшілік түні. Бұл түні шайтанның жамандық жасауға қауқары жетпейді. Бұл түні барлық істер белгіленеді (тағдыр жазылады) және рызықтар айырылады».

Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан!

Рамазан айында барша мұсылман баласы Ораза тұтып, тан сәресінен күн батқанға дейін өздерін ішіп-жеуден тыяды.

Әлемдегі 1,5 млрд мұсылман қауымы түрі мен түсіне, нәсілі мен ұлтына қарамастан, осы ең ұлық айды бірге тойлап, қуаныштарын бөліседі.

Имам Ғазали: оразаның дәрежелері

Имам Ғаззалидің(рахимаһулла) «Ихя Улумуддин» атты еңбегі оқуға және оқытуға тұратын құнды еңбектер қатарынан. Ол, ұлы имам бұл кітабында мәселелерді Фақиһ ғалымдары сияқты емес,  діннің үшінші негізі болған «Ихсан» негізі арқылы қолға алады. Сол себепті кітабында сырт көріністен гөрі жан дүниемізге мән беретіні көп байқалады. Солардың бірі «Намаз» бабында Фақиһтар сияқты намазды ненің бұзып, ненің бұзбайтынының қасында намаздың «рухына» дақ түсіретін мәселелерді айтады. Осы аудармамызда да оразаның рухына дақ түсіретін мәселелер қамтылады.

Көп қаралғандар

Соңғы жарияланымдар