Время намаза

Намаз уақыты / Время намаза

Қажылық

Құлшылықтың төресі

Қажылық пен құрбандық шалу

Қажылықта миллиондаған адам иық тіресіп, Алла Тағалаға құлшылық етеді және бір тамшы қан төгілмейді. Бұл құлшылық адамзат баласын бірлікке, татулыққа, қамқорлыққа, мейірімділікке шақырады. Қажылықта мұсылман баласының тақаулығы артып, қиямет қайымды көз алдына елестеткендей ерекше сезімге бөлейді.  

Құран кәрімде айтылғандай, барлық мұсылмандар үшін қасиетті болған Қағба – бұл жер бетіндегі ең алғашқы үй саналады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өзінің хадис шәріпінде: «Алла Тағала аспан мен жерді жаратпастан бұрын Қағбаның орнын белгілеп қойды», – деген.

Қағба көлеңкесінен айырылған күн 1

Бұл мақала ақырзаман туралы емес!!! Қажылық маусымында күн Мекке аймағы үшін тас төбеде тұратын мерзім. Күн сәулесі тіке түскеннен кейін, қағбаның көлеңкесі жерге түспейді. Осынау ғажайыпты көзбен көргеннің арманы бар ма? Иә, бірер күннен соң, дәулеті жеткен мұсылманға парыз болып бекітілген ұлы құлшылық қажылық басталады. 4 миллионнан астам адам қасиетті Мекке шаһарына жиналып, бір мезетте Алладан тыныштық, екі өмірдің бақытын сұрасады. Осы ұлық маусымның қарсаңында "Е-Ислам" сайтының журналисі Нұрбек Бекбау арнайы мақалалар сериясын дайындады. Қасиетті қалада бастан өткерген оқиғаларымен бөліседі ол. Алғаш рет қажылық жасаушы адамның көп ұшырасатын қиындықтары мен қызықтарын теріпті. Мақала еріксіз езу тартқызатын сатира стилінде, жатық тілде жазылған. Күле отырып, ойландыратын, моральға толы мақала қысқасы. Оқыңыз, мархабат!..

Миқат аймақтары

Ихрамды шешпей тұрып құрбандық шалу уәжіп. Ал, ихрамнан шықпас бұрын ерлер шашын толық алдырады немесе қысқартады. Әйелдер болса ұшынан қияды. Парыз тәуәбы жасалғаннан кейін қажылық аяқталады.

М.Исаұлы, Қ.Жолдыбайұлы. Ислам ғылымхалы

Ислам дініндегі «намаз, ораза, зекет,қажылық, құрбандық» секілді ғибадат негіздері ханафи мәзһабы бойынша кеңінен түсіндіріліп, сан алуан көкейкесті сұрақтарға ғылыми тұрғыдан жауап беріледі.

Осман Нұри Топбаш. Қажылық және ұмра

Егер құлшылығымызды Аллаһтың қабыл алуын қалайтын болсақ, құлшылығымызда сүйіспеншілік пен әдептілік негіз болуы тиіс.

Қажылықтың қадір-қасиеті

«Қажылық» сөзінің тілдік мағынасы – ниет, мақсат дегенді білдіреді. Осыған байланысты әл-Халил: «Қажылық – өзі ұлы деп санаған нәрсеге ниетті арттыру», – деген.

Қажылық

Сауд Арабиясының қасиетті жерлері - Мекке мен Мединаға келіп, Жаратқан Иеміз Алла тағалаға құлшылық жасағанда оқылатын дұға-тілектерді, қажылықтың рәсімдерін осы кітаптан тауып алуға болады.

Қажылық – ислам дiнi бес негiзiнiң соңғысы

Ислам бес негiзге құрылған: Алла Тағаладан басқа тәңiр жоқ және Мұхаммед оның елшiсi деп куәлiк ету. Намаз оқу. Зекет беру. Рамазан айында толық ораза ұстау. Байтуллаға қажылыққа бару.

Көп қаралғандар

Соңғы жарияланымдар