Время намаза

Намаз уақыты / Время намаза

Құран және хадис

Құран – құндылықтар энциклопедиясы

Құран – моральдік-этикалық құндылықтардың қайнар көзі. Құранды адам баласының өмір сүруі тиіс қағидалар мен адам хақындағы талаптар жиынтығы десек болады. Құран адамның танымдық мүмкіндіктері мен рухани сұраныстарын баяндайды. Асылы топырақ, кейін тәнге айналған адам, әлемді және ақиқатты тануына мүмкіндік беретін рухани қасиеттерді иеленеді, әрі Құдайдың әуел бастан ойлаған образына айналады.

Құран және хадис: саңлақ сахабалар

Аз уақыт болсын Пайғамбарымызды көзі көріп, иман еткен адам «сахаба» деп аталғанмен Ислам дінінің кең тарап, қанат жаюы жолында танытқан ерен ерліктері мен жанқиярлығы жағынан дәрежелері әр түрлі сахабалар бар. Дін жолындағы бүкіл соғыстарға немесе кейбіреулеріне қатысулары, Алла Расулымен бірге мүшріктерден жапа шегіп, олардан азап көрулері, мал-мүліктерін, бала-шағалары мен үй-жайын тастап, басқа мемлекетке көшуге мәжбүр болуы, сол сияқты дін жолында шейіт болуы тұрғысынан алғанда, олардың арасындағы сахабалар дәрежелерінің әр түрлі болуы табиғилық.

Құранның қоғамға тигізер игі ықпалы

Алла тарапынан түскен ұлы Кітап турасында жазу қашанда тиянақтылықты қажет етеді. Себебі, біздерге саф болып келген бұл Кітап қателіктен қаншалықты алшақ болса, соншалықты мұқияттылықты керек қылады. Сондықтан, Құран турасында жазылған еңбектердің мазмұнында қандай да бір қателіктің орын алуы – ол Құранның емес, әлсіз жаратылған пенденің кемшілігі.

Қазақ даласындағы көне құрандар

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қорының рухани қазынасы ислам мәдениеті тарихын зерттеуде аса маңызды орын алатыны анық. Әйтседе, көне қолжазбалар мен жәдігерлердің өзге діни орталықтарға, тіпті, шетелдік қорлар мен мұражайларға таратылып кетуі мұрамызды кешенді түрде зерттеуде кедергісін келтіруде. Алайда, жоғалған жәдігерлеріміздің табылғаны туралы сүйінші хабарларға, әсіресе ғалымдар қауымы ерекше қуанышты. Бұл осыған дейін беймәлім болып келген жаңа дерек көздерін ашып, еліміздегі ислам тарихын жан-жақты талдап, саралауға мол мүмкіндік береді.

Көп қаралғандар

Соңғы жарияланымдар