Время намаза

Намаз уақыты / Время намаза

Құран және хадис

Құран аудармалары Құранды түсінуге жеткілікті ме?

Құран – адамзатты мәңгілік бақытқа жеткізу үшін түскен кітап. Алғаш түскен күндегі нұсқасы қаз қалпында сақталып, бүгінгі күнге мұрты бұзылмай жеткен бірден бір иләһи кітап[1]. Құран – мұсылмандардың рухани сұраныстарына жауап беретін, адамзаттың ақылы жете бермейтін көмескі әлемнен сыр шертіп, ғайыптан хабар беретін, екі дүниенің бақытына бастап, ақ пен қараның ара-жігін ажыратып, өзіне сеніп, шырақ тұтқан жандарды рухани кемелдікке тәрбиелейтін Ұлы Жаратушы тарапынан жіберілген қасиетті кітап[2]. Құранның мазмұны адам баласының сеніміне байланысты теологиялық мәселелерден, қоғамдық қатынастарды реттейтін ережелер мен нормалардан және адамзаттық құндылықтардың жиынтығынан тұрады. Бұған қоса, адамзаттың тарихтан ғибрат алулары үшін бұрынғы өткен қауымдардың басынан кешкен оқиғаларын баяндайды.

Құран оқу әдебін білеміз бе?

Құран кәрім адамзатты тура жолға жетелейтін, дұрыс пен бұрыстың арасын ашып көрсететін (Бақара: 185), мұсылмандар үшін рақымдылық пен шипа көзі болған (Исра: 82), тақуа жандар үшін жол сілтеуші (Бақара: 2), мұсылмандардың үгіт-насихат алулары үшін түсірілген (Қамар: 17) қасиетті кітап. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Құран тілімен сөйлеген адам дұрыс нәрсені айтқан болып саналады, онымен амал еткен адам сауап алады. Кім Құран арқылы үкім айтса, әділдікпен үкім айтқан болып табылады. Кімде-кім Құранға шақырылса, тура жолға шақырылғаны» деген. (Тирмизи, Сүнән)

«Фатиха» мен «Бақара» сүресі арасындағы ғажап байланыс

Құран Кәрімдегі барлық сүрелер мейлі қысқа, мейлі ұзын болсын, бір-бірін толықтырып тұрушы және ондағы аяттар арасында өте тығыз байланыстар бар. Тәпсірші ғалымдар: «Құрандағы әрбір сөздің орналасуы жайдан-жай емес, оның өзіндік қолданысы әрі нақты себептері бар» деп бекер айтпаған. Солардың бірі – «Фатиха» сүресі мен «Бақара» сүресі.

Құранға әділ қатынас

Құранға адалдық дегеніміз, Алла Тағаладан түсірілген барлық кітаптарға, ал Құран сол кітаптардың ақырғысы және оларға куәлік етуші екеніне иман келтіру арқылы болмақ. Құран Алла Тағаланың жүректерде және жазбаша түрде сақталған теңдесі жоқ сөздері екеніне иман келтіруде көрініс табады. Бұл туралы Алла Тағала:

Тән мен жанның шипасы

Құдіреті күшті Аллаһ Тағала Өзінің Кітабы – Құран Кәрімде осы Құранның адамдар үшін шипа екендігін нақтылап айтқан:

Құран қиссаларының тарихи маңызы қандай?

Араб тіліндегі, «قصص القرآن» (Құрандағы қиссалар) деген сөз бұрынғы пайғамбарлар мен олардың үмметтері жайлы жүз берген оқиғаларды баян етуін білдіреді.

«Фатиха» мен «Нас» сүрелері арасындағы ғажап байланыс

Құран Кәрім ғылым жағынан, моральдық, адамгершілік қасиеттер жағынан да қазынаға толы өзіндік бір ерекшелігі бар Ұлы кітап. Осыған байланысты Құранды арнайы зерттеп білу, Алла тарапынан берілген сүрелер мен аяттардың мағынасын ұғынып санаға құю үлкен ыждахаттылықты талап етеді. Сондықтан, 14 ғасыр бойы Құран Кәрімді қай жағынан қарап зерттесе де өзектілігін жоғалтқан емес.

Құран – жүректі билеуші

Анас ибн Мәлик (р.а.): «Кейбір адамдар Құран оқиды. Оларға оқыған Құрандары лағынет айтады», – дейді. Расында, егер адам Құранның мағынасын бұзу мақсатында әдейі қате оқыса Құран оған қайғы-қасірет алып келеді. Ал енді керісінше, Құранды көркем дауыспен, Құран оқу ережелеріне сәйкес мақаммен оқитын болса, онда Құран адамға құт-береке шақырады. Құран оқушы да, оны естуші де бақытқа бөленеді.

Құранды оқушы мен тыңдаушыға қатысты он талап

Ислам ғалымдары Құрандағы әрбір сөздің мағынасы мен мазмұнын жіберіп алу қаупінен қатты қорыққан. Өйткені, Құран аяттары – Алладан келген қасиетті мәтіндер. Олар адамды жаратқан Алланың жәрдемі қажеттілігін ғана айтып қоймай, адамның Аллаға қаншалықты мұқтаж екенін де көрсетеді.

Құран – шапағатшы

Құран Кәрімнің көптеген ерекшеліктер бар. Солардың бірін мына хадистен байқаймыз Ибн Масуд (р.а.): «Егер білімді қаласаңдар, онда Құранды оқыңдар. Күмәнсіз, оның ішінде бұрынғылар мен кейінгілердің білімі бар» – деп айтқан.

Көп қаралғандар

Соңғы жарияланымдар