Время намаза

Намаз уақыты / Время намаза

Мәзһаб

Ханафи мәзһабы немесе «Мәдрасатур-Рай» сөзінің мәні

Ислам діні тұран даласына келген күннен бастап қазақ халқы әу бастан сүнниттік бағыттағы Ханафи мәзһабын таңдады. Бұл көрегендік шешім күні бүгінге дейін атадан балаға...

Бір мазхабқа бағыну – ауызбіршілік кепілі

Мазхаб – араб тілінен аударғандағы тілдік мағынасында  «жол», «мақсат етілген орын» мағыналарына саяды, ал шариғи мағынасында «Құран мен хадиске негізделген, ислам құқығын жүйелеуде өзіндік...

Асхабул-хадис және асхабур-рай деген кімдер?

Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бақилық болғаннан кейін уахи тоқтады. Сәт сайын құбылып отыратын өмірдің қитұрқы кезеңдері мен алдыңнан өткел бермей жал күдірейткен тығырықтан шығар жолды көрсету сахабалардың еншісінде қалды. Олардың қолдарында Пайғамбарымыз аманат етіп қалдырған екі қайнар көз: Құран кәрім мен Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сүннеті болды.

Имам Әбу Ханифаның өнегелі өсиеттерi

Имам Ағзам кәләм ілімінің мәселелерімен айналысып, исламның иман негіздерін қорғау мақсатында әр түрлі ағым өкілдермен пікір таластыруы оның пісіп жетіліп, ғылыми танымының қалып­тасуына ерекше ықпал жасады. Бір жағынан ханафи фиқһының мектебін, ал екінші жағынан әхлус-сунна уәл-жа­мағаттың ақида мектебінің де негізін қалап кетті. Әбу Ханифаның қысқаша жүйелеген иман негіздері сол кездері қызу пікір­таласқа жол ашқан мәселелер еді.

Исламдағы мәзһаб және мәзһабқа бөлінушілік

Исламда мәзһабқа бөлінушіліктің себептері туралы көптеген еңбектер жазылған. Ислам тарихында діни және саяси топтар қалыптасуы барысында «асхабул мақалат» деп айтылған. Мұның себебі кейбір ғалымдар қоғамдағы оқиғаларға қатысты шағын «мақалалар» жазып, өз көзқарастарын білдіріп отырған. Уақыт өте келе осы мақалалардың негізінде белгілі бір көзқарасты ұстанатын топтар қалыптаса бастайды. Оны жазған адам сол топтың көшбасшысы һаліне келеді. Енді бұл топқа, яғни мәзһабқа бөлінудің ең алғашқы белгілерінің бірі. Кейіннен «фирқа» деген атау топқа бөлінуді білдіретін ұғым ретінде алдымызға шығады.

Ханафи мәзһабының Орталық Азияға таралуы һәм орнығуының саяси астары

Ханафи мәзһабының Мәуреннахр аумағына таралып, орнығуы бірнеше ғасырларға созылды. Оның бұлайша ұзаққа созылуының әртүрлі геосаяси, әлеуметтік, діни һәм ділдік себептері болды. Имам Ағзам құқық мектебінің кейбір өңірлерге жедел таралуына мемлекет басшыларының саяси қолдауы ықпал етсе, кейде керісінше саяси кедергілер орын алып отырды. Кейде діни бәсекелестік һәм мәзһабаралық талас-тартыстар және т.б. әртүрлі факторлар Ханафи мәзһабының дамуын тежеді. Дегенмен, Куфа мектебі өкілдерінің VIIІ-ІX ғасырларда Қорасан және Мәуреннахр қалаларында белсенді діни (қазы) қызмет атқаруы, аймақта Ханафи мәзһабының шоқтығы биік болуына бірден-бір әсер еткен фактор еді.

Имам Ағзам тағдыр туралы не деген?

Әбу Ханифа тағдыр туралы пікір білдіруден тартынатын әрі достарын да сақтандыратын. Юсуф ибн Халид Басрадан келген кезде оған: «Бұл – күрмеуі көп күрделі мәселе. Бұған кімнің шамасы жетер дейсің? Бұл – кілті жоғалып кеткен, шешімі жұмбақ сандық болғандықтан, оны тек қана Алладан ашық-айқын хабармен келгендер ғана аша алады»[1] деп, мәселенің күрделілігін ескерткен.

Әбу Ханифа қиясты хадистен жоғары қойған ба?

Құқықтық мәселелер туындағанда Әбу Ханифа сүннетті қаншалықты дәлел ретінде ұстанғандығы жайында фиқһ ғалымдарының арасында түрлі пікірлер бар. Тіпті, «фиқһи мәселелерді шешкенде қиясты хадистен артық санайды» деп, Әбу Ханифаға күмәнмен қарағандар кездесіп жатты.

Ханафи ғалымдары сахабалардың сөзін дәлелге санаған ба?

Ханафи ғалымдары сахабалардың сөзін дәлелге санаған ба?

Имам Ағзамның ұстаздары

Әбу Ханифаның ұстаздарын тану оның ғасырлар бойы нұр шашып, көңілдерді шуаққа бөлеген ілімінің қайнарларының бастауының қайда жатқанын  көрсетеді.

Көп қаралғандар

Соңғы жарияланымдар