«Мәулітті ұлықтау – өте игі іс»: Ибн Тәймия, Ибн Базз, Әлбани мәулітке қатысты қандай...
Мәзһаб имамдары туралы хадистер бар екенін білесіз бе?
Фиқһ ілімі және мәзһаб
Әбу Ханифа мен имам Матуриди Орта Азиядағы мұсылмандықтың тірегі
1200 жылдан астам уақыт исламдық дәстүрмен өмір сүріп келе жатқан қазақ елі Әбу Ханифа мазхабы мен Матуриди ақидасы негізінде қалыптасты.
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін – ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал. Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің хақ жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысуда. Мұндай ұлттық болмысымызға жат келеңсіздіктерден бойымызды аулақ салуымыз керек. Біз мұсылман үмбетінің бір бөлігі екенімізді мақтан тұтамыз. Ол – біздің дәстүріміз»,-деп атап көрсетті.
Әбу Ханифа және қазақ қоғамы
Кез келген халықтың мәдениеті, өмір-салты, тұрмыс-тіршілігі мен ойлау жүйесінде діннің және соның негізінде қалыптасқан діни түсініктің алар орны ерекше. Ал, қазақ халқының діни санасының қалыптасуында ислам дінінің, оның ішінде сунниттік ханафи мәзһабының рөлі үлкен. Өкінішке орай, соңғы кедерге дейін қазақ халқының тарихындағы ислам дінінің рөлі тиісті деңгейде зерттелмегендіктен, көпшілік одан бейхабар қалды. Соның нәтижесінде кейбір «дін таратушы» білгірсымақтар қазақ жерінде ислам діні бұрын болмағандай, тәуелсіздік алғаннан кейін ғана келгендей етіп көрсетіп, сырттан алып келген түсініктерін «ең дұрыс түсінік» ретінде ұсынып, бұрынғы әдеттер мен түсініктерді мансұқтап, ел арасына бүлік салды. Әрине, тәуелсіздік алған жылдардағы елдегі діни сауатсыздықтың қалыптасуына дінге қарсы жүргізілген жетпіс жылдық атеистік саясаттың ықпалы болғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Сондықтан Қазақстан тарихының жаңадан жазылуы барысында осы олқылықтың орны толтырылуы тиіс.
Әбу Ханифа мен қазақ халқы