Время намаза

Намаз уақыты / Время намаза

Мұсылман күнтізбесі

Мәулітті «бидғат хасана» деуге Құран мен сүннеттен дәлел бар ма?

Жаббар Хақ Құран-Кәрімде: «Расында сендер үшін Алладан, ақырет күнінен үміт еткендер мен Алланы еске алушылар үшін Алла Елшісінде көркем өнегелер бар» (Ахзап, 21) деп бұйырады.

«Мәуліттің» мағынасы мен мерекенің шығу тарихы

«Мәуліт» сөзі араб тілінде «туған күн» мағынасын білдіреді. Дереккөздерге назар салатын болсақ, Хақ Елшісі (с.а.у) тарихта «Піл» оқиғасы деп аталатын Хабашстанның Иемендегі билеушісі Әбраханың Меккеге шабуыл жасаған жылы дүниеге келген.

Құрбан айт – мейірімділік мерекесі

Құрбан айт – мұсылман баласының ең үлкен мерекесі. Құрбандық шалудың реті жайлы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Бұл күні әуелі намаз оқимыз. Сосын, қайтып келіп құрбандық шаламыз. Кімде-кім осылай етсе, сүннетті орындағаны. Ал, намаздан алдын құрбан шалса, отбасына сойған еті болып, бірақ құрбандық амалы болмайды[1]», деген.

Қадыр кеші – тағдыр шешілетін түн

Құран Кәрим түсе бастаған бұл Рамазан Шәриф айының ішінде Қадір түні де орын алғаны баршамызға аян. Исламда бұл түн жай түн емес, ең қасиетті әрі берекелі түн деп қабыл етілген. Ұлы Кітапта бұл түннің ерекше түн екендігін айтып өткен аят бар. Қасиеттілігі сонда ол түн хаққында арнайы «Ләйлатуль қадр» —  «Қадір түні» сүресі нәзіл болған!

Құлшылыққа құлшындырар үш ай

Жаратушы Алла Тағала адамды саналы етіп дүниеге әкелгені сияқты, өмірлік уақыт кезеңдерін де ерекше тағылыммен  жасаған екен. Адам баласы салиқалы-ізгі амалдарды көп жасап және құлшылықта бекемділік таныту үшін Алла Тағала өзінің даналығымен кейбір түндерді, күндерді және айларды ерекшелеп қойды.

Мәуліт – пайғамбар мейірімін сүйіншілейтін мереке

Екі дүние сардары, адамзаттың асыл тәжі болған, сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған айы «Мәуліт» мерекесімен араға жыл салып қайта қауышудамыз. Жаратылғандардың асылы және шыңы болған хазіреті пайғамбар (с.ғ.с.) милади 571 жылы рабиул айының 12-жұлдызы, дүйсенбі күні дүниеге келіп, әлемді шексіз қуаныш пен нұрға бөледі.Оның дүниеге келуімен Алланың мейірімі тасып, әлемге өзгеріс кірді. Сөздер мен сұхбаттарға мән кіріп, әрбір нәрсе жаңарып, ерекше мағына мен әсемдікке малынды. Құран Кәрімде Алла тағала өзінің соңғы Елшісі жайында: «Біз сені бүкіл әлемге рахым етіп қана жібердік» деген еді («Әнбия» сүресі, 107-аят). Ал бұл ақиқатты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) бір хадисінде былай деп көрсетеді: «Мен көркем мінезді кемеліне келтіру үшін жіберілдім».

Құрбан шалудың шарттары

  Шариғатымыз бойынша құрбандық айттың үш күнінде шалынады. Десек те, құрбан айттың алғашқы күні шалынса құба-құп. Құрбанды ниет етуші өзі шалса нұр үстіне нұр. Құрбан шалу қолынан келмесе, бір мұсылман бауырына аманаттай алады.

Құрбандық шалу – Аллаға адалдықты айқындайды

Араб тіліндегі «құрб» сөзі жақындау деген мағынаны білдіреді. Ал, Құрбан айт деп, зилхиджа айының оныншы күні басталып, үш күнге созылатын «Ид әл-Адха» мерекесі күндері Алла-Тағалаға ақсарбас атап, Хаққа жақындауды айтамыз. Әсілі, Хақ-Тағаланың разылығы үшін Құрбан шалу – Ибрахим пайғамбардың сүннеті һәм сол заманнан бері жалғасып келе жатқан илаһи дәстүр.

Миғраждың мән-маңызы

Хақ Елшісі (с.а.у.) һәм оның соңынан ерген қауым азапты күндерді басынан кешіріп, илаһи тезге түскен сын сәтте, Ұлы Жаратушы сүйікті Елшісін (с.а.у.) ұшпаққа (Миғраж) шығарумен зор қуаныш сыйлаған болатын.

Наурыз ұлттық мейрамымыз

Қоғамның әлеуметтік-мәдени қалыптасуында тарихи құндылықтардың өзіндік орны мен рөлі ерекше. Жалпы бір халықтың салт-дәстүрі туралы айтқанда көз алдымызға сол халықтың ғасырлар бойы жинақталған, жаппай қабылдаудан өткен құндылықтары мен мәдениеті елестейді. Бұл салт-дәстүр мен мәдениет ол халықтың жүріп өткен тарихының барлық кезеңдерін қамтиды. Оның ішінде ұстанған діні, көршілес болған елдері, дүниетанымы сияқты маңызды факторлар да өз ықпалын көрсетеді.

Көп қаралғандар

Соңғы жарияланымдар