Время намаза

Намаз уақыты / Время намаза

Діни білім

Білімге құштарлық бақытқа жеткізеді

Әрбір ұлт және адам жетістікке тек білім арқылы жетеді. «Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деп қазақтың ұлы...

Медреседе оқып жүр…

Ақтөбеде теологияны таңдайтын түлектердің саны артты  ...Діни білім алу десе, әлі күнге үрке қарайтындар арамызда аз емес. Бұған, бір жағынан, дүниежүзіндегі діни алауыздықтар һәм...

Еліміздегі медреселерде білім қалай беріліп жатыр?

Мамандардың айтуынша, ата-аналар жастарды жоғары оқу орнына дейінгі діни біліммен сусындататын мекемеге, көбінесе, мектепте нашар оқитын немесе тәртібі  төмен, бұзық балаларын әкеледі. Мақсаты –...

Бітіруші дін мамандары туралы мәлімет

Елімізде жыл сайын дінтану, исламтану және теология мамандарын даярлау үдерісі қарқын ала түсуде. Дін мамандарын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті (ҚазҰУ), А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік...

Діни білім беру жүйесі жаңаша бағыт алды

Білім – қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми дамуды қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық болып табылады. Оның ең негізгі қызметі – адамның менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, білімін дамыту. Өйткені қай мемлекеттің де негізгі тірегі білімді де білікті, иманды да парасатты, іскер де, белсенді адамдар.

«Тұғырнама: Ислам және ғылым»

Ислам діні - ғылым-білім діні. Ислам ғұламалары ғылымды діни дүние деп бөлмейді. Ислам діні пайда болғалы мұсылмандарды ғылым-білімге шақырумен келеді. Сондықтан Қасиетті Құранның 719 жерінде ғылым, білім туралы бекер айтылмаса керек.

Бұл құжаттың руханиятқа қосар үлесі зор болмақ

Еліміз тәуелсіздігін алып, ұлттық-рухани құндылықтарымыз қайта оралғанда руханиятқа шөліркеген азаматтарымыз дінге бет бұрып, діни біліммен сусындаудың түрлі жолдарына түсті. Ол кезде елімізде бір ғана Ислам институты жұмыс жасады дегеніміз болмаса, жүйелі әрі сапалы білім беру жолға қойылмаған еді. Осыған байланысты діни білім алуда діндес халықтар мен елдерден көптеген мүдделі, жанашыр азаматтар келіп, әртүрлі білім мекемелерін де аша бастады. Қазақ-Араб, Қазақ-Кувейт, Қазақ-Түрік, Руханият, Тайба сияқты университеттер мен колледждер және көптеген медреселер жұмыс жасады. Бұл оқу орындары ынталы балаларға толды. Біраз жастарымыздың мұсылман елдерінде діни білім алуына дәнекер де болды.

Тұжырымдама табанды еңбекті талап етеді

Дін ұғымы задында ілім мен білімнен, оқу мен тоқудан тұрады. Күллі әлем мұсылмандары қасиет тұтатын Құранның алғашқы аяттары да «Оқы, Жаратқан Раббыңның атымен оқы» деп басталады. Біздің ата дінімізге айналған тынысы мен өрісі кең, бейбітшілік пен мейірім тұнған ислам адамзатты тек өркениетті, рухани кемел болуға ғана жетелейді. Қарт тарихтың өзі куә, қазақ халқының басынан өткен соқпақты жолы, руханиятының күйзеліске тірелген кезеңдері аз болмады. Кеңес тұсында халықтың өз мәдениетін, діни әдет-ғұрып, салт-дәстүрін атқаруына кедергілер көп болды. Адам болмысын материалдық мүмкіндіктер шеңберінде ұстаған идеология бүтін бір халықтардың рухани құндылықтарын төмендетті. Дегенмен, Аллаға мың сан шүкірлік, тәуелсіздігіміз қайта оралып, бүгінде етек-жеңіміз бүтінделіп, ата дініміз бен баба салтын қайта жаңғыртып, дәстүрлі арнамызға ойыса бастадық .

Тұжырымдамадан түйген ой

Осы жылдың 24 қарашасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматы қаласында«Діни білім тұтастығы – діни тұрақтылық кепілі» атты республикалық тәжірибелік конференция өткізді. Конференцияға Бас мүфти бастаған ҚМДБ бөлім меңгерушілері, Ғұламалар кеңесінің мүшелері, өкіл имамдар, медресе директорлары, діни сауат ашу курстарының ұстаздары қатысты.

Ғылымға көңіл бөлу – дамудың кепілі

Бұл хабарды естіп бөрігімізді аспанға аттық. Дін саласында еңбектеніп, тер төгіп жүрген бірқатар азаматтардың көптен күткен мақсаттары да орындалған секілді. Себебі "Дін" деген сөз "Білім, ғылым" деген сөздің синонимі іспеттес. Екеуі бір-бірінен ажырамас атрибуттар болып табылады.

Көп қаралғандар

Соңғы жарияланымдар