Время намаза

Намаз уақыты / Время намаза

Сенім

Матуриди философиясы – қазақ болмысының мәні

Бүгінгі  қоғамда дін құбылысына қорқа қарап, оны  балақпен, сақалмен, хижаппен, яғни сыртқы шүберек пен жүнге қарап танитын болдық. Діннің ар, иман, махаббат деген ұғымдарына емес, куфр, ширк, бидғат терминдеріне, яғни сырттағы бөтен ағымдардың сөздеріне еріп, жетегінде кеттік.. Содан қоғамда дін тақырыбы құбылыс ретінде жақтастар мен қарсыластар сияқты екі шепке айналды. Біз және олар...

Матуридидің басты шәкірттері және Матуриди мектебінің негізгі жалғастырушылары

Имам Матуриди ұстанымдарын артынан шәкірттері жалғастырған болатын. Солардың өмірі мен шығармашылығына жеке-жеке тоқтала кетсек... Әбул Қасым Исхақ ибн Мұхаммед әс-Самарқанди (342/953). Хаким ас-Самарқанди...

Матуриди жайлы деректер

Матуриди мәзһабы Маураннаһр сияқты жабықтау аймақта, Басра мен Бағдат секілді ғылым орталықтарынан алшақта белең алғандықтан, әшғарилік сияқты кең танымал бола алмады. Әрі әйгілі Бақиллани...

Имам Матуридидің іргелі еңбектері

Матуридидің еңбектері көбіне кәлам, фиқһ және методика жайында болып келеді. Солардың ішінде тәпсір мен Құран іліміне қатысты еңбектеріне тоқтала кетсек... «Китабу Тәуилати Әһли...

Имам Матуридидің танымал ұстаздары

Имам Матуридидің үлкен ғалым ретінде жетілуіне көптеген ғұламалардың септігі тигендігі шүбәсіз. Алайда, басым көпшілігінің кімдер екені бізге беймәлім. Дей тұрғанмен, Имам Матуриди төрт ірі ғұламадан және Әбу Ханифаның бес рисалесінен сабақ алғаны жайлы айтуға болады. Солар туралы аз-кем деректерді оқырман назарына ұсынсақ...

Имам Матуриди – Имам Ағзамнан кейінгі үлкен ғалым

Имам Матуриди өмір сүрген кезең Аббаситтер мемлекетінің әлсіреп, соның нәтижесінде бірқатар Ислам мемлекеті пайда болған уақытпен тұспа-тұс келді. Маураннаһрда Саманидтер мемлекетінің құрылғаны тәрізді, бастапқыда...

Матуридидың аты-жөні хақында

Әбу Мансур Мұхаммед ибн Мұхаммед – өз есімімен қоса Шейх, тура жол көсемі, Һидаят көшбасшысы, тура жолға бағыттаушы, Һидаят туы, Самарқанд шейхтерінің басшысы, Әһли...

Әбу Ханифаның ақидаға байланысты өсиеті

Кадәри мәзхабы қандай ағым?

Кадәри мәзһабының діни ұстанымы Жаһми өкілдерінің: «Барлық іс-әрекеттер мен қозғалыстарды Алла-Тағала адамға мәжбүрлі түрде істетеді» деген пікіріне қарама-қарсы негізде қалыптасты. Кадәри мәзһабы: «барлық іс-әрекетттер мен қозғалыстарды Алла-Тағаланың қатысуынсыз адам өзі жасайды» деген пікірде болды. Яғни, Кадари доктринасы Жаһмилердің сенімдік көзқарасына диалектикалық тұрғыда өрбіді. Әсілі, Кадәрилердің діни ұстанымы Мутазалилердің «Жаманшылықты адамның өзі жаратады» деген діни ұстанымына ұқсағанмен, олардың сенімдік мәселердегі кейбір пікірлерінің өзіндік ерекшеліктері бар болатын. 

Тарихи оқиғалар желісі бойынша имам Матуридидің сенім ілімі

Орта Азиядағы ғылым мен мәдениеттің іргетасы ислами құндылықтарымен сабақтасып,осы аймақта ислам дінін дәлел-дәйектерімен түсіндіретін атақты ғалымдар шыға бастады. Соның бірегейі имам Матуриди.

Көп қаралғандар

Соңғы жарияланымдар