Время намаза

Намаз уақыты / Время намаза

Сенім

Матуриди: дін және ақыл

Адам мен Алла байланысы, яғни ақыл мен нақыл қатынасы – Ислам ақидасының өзегі. Матуридиде нақылды «кулли ақыл», яғни пайғамбарлық (нубуват) институт негізгі дәлел ретінде қабылдады. Яғни, дін деген – нақыл, Алладан адамға берілген жол.  Дінді ешкім ойлап таппаған, ол адамзат тарихы басталғалы келе жатқан Алланың бар және Бір екендігінің дәлелі деп қабылдап отыр.

Матуриди: Ислам және толеранттылық

Қасиетті Құранда, ислам сөзі жалпы діндерге ортақ атау екені және бүкіл пайғамбарлар мен иләһи кітаптардың Хақ дін исламға шақырғандығы айтылады (Юнус, 72; Бақара, 131-133; Әли-Имран, 52). Әрі пайғамбарлардың өз қауымдарына насихат еткен сенім мәселелері мен шариғи үкімдері баяндалады (Рум, 30; Бақара, 83).

Матуриди: сезім мүшелердің сыры

Сезім мүшелері – сыртқы қоршаған ортадан және ағзаның ішкі органдарынан келген ақпаратты алғашқы талдау жасайтын перефериялық арнайы анатоми-физиологиялық жүйе, сенсорлық жүйенің перефериялық бөлімі. Қоршаған ортадағы барлық мәліметтерді біз сезім мүшелерінің көмегімен аламыз.

Матуриди: Хақты тануда ақылдың орны

Имам Матуридидің, «Китәбуд Тәухид» және «Тәуиләтул Құран» атты іргелі екі еңбегі жалғыз Жаратушы Иеміз Алла Тағалаға иман ету мәселесімен қатар Ислам дінінің құндылықтарын ашып көрсетеді. Имам Матуридидің методологиялық негізгі тәсілдерінің қатарында адамға берілген ақыл мен сезім мүшелеріне (көру, есту, иіскеу, дәмін тату және ұстауға) ерекше орын беріледі.

Матуридиді ұстану дұрыс па?

Әлбетте, Матуриди ақидасын ұстану дұрыс деп айтамыз. Себебі, Әбу Мансұр б. Мұхаммед әл-Ханафи ас-Самарханди әл-Матуриди (870-944) негізін салған сенімдік мектеп әшғарилермен бірге әһлус-сунна ақидасын құрайды.

Матуриди: еркіндік және жауапкершілік

Ұлы Жаратушы Хақ Тағала тарапынан адам баласына қалау және еркіндік пен қоса жауапкершілік міндеті де жүктелді. Бұл иләһи заңдылықты ешкім жоққа шығара алмайды. Өйткені, адам баласы өмірде кез-келген істі өз қалау еркімен істейді. Сол себепті, әрбір ісінен жауапты болып, қияметте сұралмақ.

Бүлік отын сөндірген Имам Әшғари

Қиямет күні Алланың көрінетіні жайлы Мұғтазила ағымы аяттарға «Алла көзге көрінбейді» деп жорамал жасаса, Әшғари «Алла түр мен пішіннен тыс көрінеді» дейді. Мәзһабтар тарихын зерттегендер Мұғтазиланың фиқһ пен хадис ғалымдарына жасалған шабуылдарын кезіктіреді. Бұл шабуылдардың ықпалына ұшырамаған фақиһтар мен мұхаддистар өте аз. Осы себепті Мұғтазилаға қарсы терең жеккөрушілік туған. Олардың дінге қызметін ұмыттыратын озбырлықтар тарихқа енген. Есте қалғаны, халифаларды қолданып, тақуа имамдар мен ғалымдарды жауапқа тартқан. Жанкештіліктерімен танылған екі жолбасшы осы қиындықтар орын алған жылдарда дінге қызмет еткен. Бұлардың  бірі Әбул Хасан әл-Әшғари, екіншісі Әбу Мансұр әл-Maтуриди.

Имам Матуридидің нақыл мен ақыл пайымдаулары

Имам Матуриди ақиқатты тану барысында ақылды асыра сілтеп қолданған емес. Оның рационалды  ұстанымы шариғат шеңберінде ақыл мен қисынды орнықты пайдалануымен ерекшеленеді. Әсілі, Имам Матуриди ақидасының қалыптасуына өзінен бұрынғы кәламдық көзқарастар айтарлықтай ықпал етті. Бұл мәселені айқындау үшін Имам Матуридиден бұрынғы ақида ағыстарының мән-мазмұнын анықтап алуымыз шарт.

Имам әл-Матуриди: ұстаздары және ғалымдар пікірлері

Құдайға шүкір, имам әл-Матуриди жайында соңғы уақытта қазақ тілді діни басылымдарда, интернет сайттарда көптеген мақалалар жарияланып жатыр. Бұл халыққа, діни ортаға, әсіресе, дінге құштар, діни білімге құмартқан жастарға өте пайдалы мәліметтер болып табылады. Имам әл-Матуридидің тәлімінің, білімінің, діни ұстанымдарының негізі имам Әбу Ханифаға барып тірелетіндігін, оның өзі жаңа бір діни ұстаным ойлап таппағандығын, керісінше, бар нәрсенің ғылыми негізін қалап, сәләф ғалымдардың айтқандары аясында әртүрлі адасқан ағымдарға тойтарыс бергендігін оқырманға жеткізу мақсатында осы ықшамды мақаланы жаздық. Болашақта бұл тақырыпта үлкен көлемді еңбектер, ғылыми мақалалар талай жазылады деген үміттеміз.

ҚАЗАҚТЫҢ АҚИДАСЫ – ПАРАСАТ немесе Матуриди ақидасының қазақ дүниетанымындағы орны жайында

         Сөз – Құдіреттің елшісі. Танылып бітпеген нақыл қазақта көп. Соның бірінде «Күн нұры – тары, дін нұры – тау» деген...

Көп қаралғандар

Соңғы жарияланымдар