Время намаза

Намаз уақыты / Время намаза

Сенім

Муржийа ақидасының ахлу сунна ақидасына қатысы бар ма?

Түбірі «иржа» сөзінен шығатын Муржийа сөзінің екі мағынасы бар: Бірінші; «кейінгі қалдыру» болдса, екіншіден «үміт ету» болып табылады.

Тағдырды Аллаға жабу таухидке қайшы емес пе?

Бір қарағанда барлық іс-әрекетті Алла жасатады деген жәбири ақидасы таухид сенімін дәріптеген сияқты болады. Себебі, іс-әрекетті немесе тағдырды Алладан басқа күш тудырады десек, онда таухид түсінігі бұзылмай ма? 

Матуриди: Әл-Мисақ серті

«Әл-Мисақ» – сөзі бұл дүние тіршілігінен бұрын адам мен Алла арасында болған антты білдіреді. Қазақ халқы, «Қашаннан бері мұсылмансың?» деген сұраққа, «Әлімсақтан бері мұсылманмын» деп жауап беру салты да осыдан қалса керек. Алла Тағала әу баста күллі адамның рухын жаратып, «Мен, сендердің раббыларың емеспін бе?», - дегенде, олар: «Әлбетте, Раббымызсың» деген.

Пайғамбарлардың сипаты

Пайғамбарлар – Алла Тағаланың таңдаулы құлдары. Олар, өздеріне жүктелген ақиқатты насихаттап, іс-әрекеттерімен өзгелерге үлгі бола білген ізгі жандар. Пайғамбарлар өзге адамдардан бірнеше сипаттарымен ерекшеленіп...

Матуриди: пайғамбарлардың жіберілу хикметі

Имам Матуриди, «Китәбут Тәухид» және «Тәуйлатул Құран» атты еңбектерінде «Хикмет» терминіне баса мән бергенін көреміз. Кез-келген жаратылыстың жаратылу хикметі бар. Әрқандай бір жаратылыстың хикметсіз, бостан-бос жаратылуы Алла Тағаланың Хаким сипатына сай келмейді.

Матуриди: Мұғжиза – пайғамбарлық дәлел

«Мұғжиза» – әдеттегі тәбиғат заңдылықтарына бағынбайтын, оның ұқсасын пайғамбардан өзге адамдар келтіре алмайтын таңғажайып іс.

Әбу Ханифа ақидасында жаннат пен жаһаннам жаратылып қойған ба?

Имам Ағзам әл-Уасияда «Жаннат пен жаһаннам – ақиқат. Екеуі де қазіргі таңда болашақ тұрғындары үшін жаратылып қойған.

Имам Әбу Ханифа мен Матуридидің пікір сабақтастығы

Имам Ағзам Әбу Ханифа (80-150/699-767) жалпы алғанда Ислам әлемінің, жалқы алғанда өзінің атымен аталатын ханафи ислам ойлау жүйесінің негізін сонау ерте заманда қалаған дарабоз ғалымдардың бірі. Ханафи фиқхы – жүйелі ойлаудың аят-хадистермен сусындауы, адам баласының сенім, ғибадат, ахлақ, жан-дүниесі мен сыртқы көрінісі арасында тепе-теңдікті негізге алып, уақыт өте келе бір жүйеге түсіп үлкен мектепке айналған, әлемнің түкпір-түкпіріне тараған, төзімділікті негіз еткен кең түсінік. Сондықтан да осы түсінік әлемнің көптеген жерлеріне жайылып, әлі күнге дейін маңызын сақтап келеді.

Матуриди методологиясы: әуелгісі – Құран

Ислам – адамзат өмірін толықтай қарастырып, бір жүйеге келтіретін кемел дін. Өмір салтын бір жүйеге келтірумен қатар адам санасын сан-саққа жүгірткен жүз түрлі сұраққа, мың түрлі жауап беріп қажеттіліктерді қамтамасыз етеді.

Ханафилерді неге матуридилер деп атайды?

«Әбу Ханифа фиқһпен қатар ақида саласында да имам. Ал олай болса ханафилер неге Әбу Ханифаның көзқарастарын емес, матуридилікті ұстанады?» деген мәселеге қысқаша тоқтала кетейік.

Көп қаралғандар

Соңғы жарияланымдар