Насыр әд-Дин Албани – өткен ғасырдағы белгілі хадисші ғалымдарының бірі. Хадистанудың риуаят және дираят іліміне мол үлес қосқан ғұлама. Десе де, ғалымдар тарапынан ғылыми сынға ұшыраған. Алайда, Албанидің ізбасарлары олай ойламайды. «Имам Малик айтпақшы, пайғамбар (с.ғ.с.) ғана қателеспейді. Қалған ғалымның қателесуі заңдылық» дейді Абдумалик Абдурахман Сағди.

Кез-келген дәнектің демде өсіп шықпай, мезеті жеткенде жеміс беретіні секілді, «Нұр Ғасыр» мешітінің қарқынды жүргізген түсіндіру жұмыстары уақыт өте келе өз нәтижесін беруде. Жұмыс тобы жамағатқа жалпы кездесулер өткізумен қатар жеке сұхбаттар да жүргізіп келеді. Теріс ағымның зардаптары жан-жақты түсіндірілуде. Мақсат біреу ғана – қаракөз қандастарымыз қара ниеттілердің қол шоқпарына айналмаса екен. Арман да, тілек те осы. Сол себепті де күш-жігерді осы арнаға тоғыстыруға тоелог-имамдар тырысып бағуда. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде райынан қайтқан Дарханмен (есімі бүркемеленген) мешіттің баспасөз қызметі тікелей сұхбаттасқан еді.

Псевдосәлафилер әрдайым өздерінің ханбали мәзһабын ұстанатындығын алға тартады. Осылайша мужтахид имамның беделінің арқасында сүннетке берік екендіктерін дәлелдегісі келеді.  Алайда бір қатар мәселелерде ханбали мәзһабынан бөлектенеді. Солардың кейбіреулерін ған атап өтейік.

Қазіргі өздерін сәләфи деп атап, оны түрлі жолдармен дәлелдеуге күш салып, діндар жамағатты алдап өз қатарларын көбейтуді көздейтін шала түсініктегі керітартпалар бұл ардақты атқа мүлдем лайық емес. Неге десеңіз, олар уақыт тұрғысынан да ұстаным тұрғысынан да әс-сәләф әс-салихин, яғни алғашқы ізгі буыннан алшақтықпен ерекшеленеді.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жыылғы 19 сәуірде Астана қаласында «Ислам және өркениет» тақырыбына арналған ІІ Республикалық имамдар форумына қатысушы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдерімен кездесу барысында еліміздегі діни ахуалдың дұрыс дамуына кедергі келтіріп отырған мәселелерге назар аударып, толықтай тұмшаланып алатын қазақ қыздары мен қысқа балақ пен қауға сақалды ер азаматтардың әрекетеріне тоқтау салатын кез жеткенін мәлімдеді.

Шымкентте «теріс діни ағымға кірген азаматтарды дәстүрлі ислам дініне қайтару» ісі қалай жүріп жатыр? «Беті бері қараған» адам не дейді, имам қалай әрекет етеді?

«Уаһһабилік» – екі жарым ғасыр бұрын араб түбегінде, Нәжд даласында Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб (1703-1792 ж.) негізін қалаған ағым. «Уаһһаби» атауы – осы ағымның негізін қалаушы Мұхаммед ибн Абдулуаһһабтың көзі тірісінде оның соңынан ерушілерге тағылған айдар. Уаһһабилік тарихта «харижиттік» әрекет ретінде де танымал болған. Өйткені олардың әрекеттеріндегі қатыгездік пен өз ұстанымдарына қосылмағандарды кәпір деп айыптау әрекеттері харижит ақидасының (сенімінің) көшірмесі іспетті.

Кейінгі кезде қоғамда Исламды жамылып пайда болған теріс ағымдар санының көбеюі өзекті мәселеге айналды. Әдетте, мұндай құбылыс қоғамда адамдардың діни сауатының жоқтығынан немесе сауатының аздығынан туындайды. Демек, қоғамда қазақ үшін тарихи қалыптасқан дәстүрлі исламды, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын насихаттайтын білімді мамандар қажет. Түркі халықтарының Ханафи мазһабын таңдауында өзіндік ерекшелік бар.

 Барша мақтау бүкіл әлемдердің Раббысы болған жалғыз ғана Алла Тағалаға тән. Және Оның игілігі мен сәлемі  құрметті пайғамбар Мухаммедке болсын.

Әлемдік мұсылман ғұламалары кеңесінің (бұдан әрі - ӘМҒК) атынан сіздерге Алланың сәлемі болсын!

Осы сәтті пайдаланып Сіздерге Ислам жолында жасап жатқан қажырлы жұмыстарыңызға Алла разы болсын деп айтқым келеді.

Шыны керек, соңғы жылдары араб елдеріндегі тыныштық пен бейбітшілік мәселесі күн өткен сайын күрделеніп, шешімі табылмай бара жатыр. Бір қарағанда жергілікті тұрғын халықтың негізгі бөлігі ислам дінін ұстанатындығын, әрі бұл дін баршаны әу бастан-ақ бейбітшілікке, татулыққа, өзара ынтымақ-бірлікке шақыратындығын ескерсек, неліктен Сирия, Ирақ, Йемен, Ливия, Ливан сияқты т.б. араб елдері қиын жағдайға тап болып отыр деген орынды сұрақ туындайды. Біз бұл сұрақтың қысқаша жауабы ретінде ислам дінінің ұстанымдары белгілі бір мақсатта саяси астармен, мүдделермен араласып кеткендігін алға тартамыз. Бүгінгі таңда ислам дінінің ұстанымдары саяси астар алған неше түрлі ағымдар бар. Мысалы, соңғы кездері қазақ қоғамында уаһһабшылдар (вахабизм), сурурилер (суруризм), тәкфиршілер (тәкфиризм) сияқты діни ағымдардың мәселесі көтеріле бастады. Біз осы атауларға, оның ұстанымдары мен олардан туатын қауіп-қатерге қысқаша шолу жасау үшін ең алдымен сәләфилер (сәләфизм) ұғымына тоқталып кеткеніміз жөн. Себебі, бұл ағымдар сәләфилік ұстанымнан бастау алады.