По каким причинам молодые люди становятся приверженцами деструктивных течений, насколько сложно переубеждать их и возвращать в лоно традиционного ислама, появились ли новые методики по работе с радикалами? Об этом и другом мы поговорили с Мирхатом Маратулы Мадияровым - директором Алматинского центра «Шаңырақ», который занимается консультированием, профилактикой распространения экстремистcкой идеологии и...
Феномен религии – очень важная сфера, требующая всестороннего изучения с научной точки зрения. Данное явление имеет очень много граней, слоев. Поэтому правильнее всего рассматривать религию комплексно, с позиции целостности национальной культуры и стабильности общества. И здесь очень много направлений для изучения. Это диалог религии с личностью, диалог религии с культурой,...

Қазіргі кезде қазақ-мұсылман қоғамында діни тұтастықтың әлсіреуіне байланысты елдің іргетасын, тұтастығын бұзғысы келетін көлденең аттылар   әртүрлі мәселелерді жалау етіп, елдің діни білімінің таяздығын тиімді пайдаланып ел ішінде сан-қыйлы іріткілер салып жүр. Сондай іріткілердің бірі "дұғадан кейін бет сыйпау" мәселесі.

«Хаддадилер» – Йеменде өмір сүретін Яхия әл-Хажуридің артынан ілескен салафи жамағатқа берілген атау. Әл-Хажури 1958 жылы Йеменнің Табуд деген бір ауылында дүниеге келген. Өз елінде бастауыш білімін алған соң білімін жалғастыру мақсатында Сауд Арабиясына кетеді. Сол жақта жүріп, Йеменннің Дәммаж деген қаласында сабақ беретін, сәләфилік бағытты ұстанатын Муқбил Ибн Хади жайлы естиді. Сосын Йеменге барып Муқбилден содан бірқатар ислам ғылымдарын үйренеді.

Ислам – бейбітшілік пен қауіпсіздік діні. Исламды терроризммен тең санау тарихи қателік əрі исламға жасалған ең үлкен қиянат болып табылады. Жер бетіндегі барлық діндер бейбітшілік, рақымдылық, əділдік сияқты жоғарғы құндылықтарға негізделген. Солардың ішінде ең соңғы, кемеліне келген əрі мейірім мен рақымдылықты ту еткен дін – ислам діні. Сөздеріміз жалаң ойдың шетінде жар тіреп қалмас үшін ислам бұл мəселеге қаншалықты мəн бергенін оның ең басты қайнар көздері саналатын Құран мен сүннетке назар салып қарайық.

Бүгінгі таңда ДАИШ ұйымы дүйім елді дүрліктіріп тұр. Бір өкініштісі ислам атын жамылған содырлардың қатары уақыт өткен сайын әр елдің жастарымен толығуда.  ДАИШ бүгінде Сирия мен Ирактың құтын қашырды. Бұл ұйымның адасқандар екендігін ислам ғұламалары бір ауыздан айтқан болатын. Шынында, ДАИШ-тың шынайы бет-бейнесі қандай? Бұл сұрақтың жауабын ДАИШ қатарында болған, зардабын тартқан жандардың жан айқайларынан білуге болады.

Бауыржан Бейсембаев есімді азаматтың басынан өткерген оқиға оқырманға үлкен ой саларлықтай. 30 жасына дейін ол екі бірдей жоғары білім алды, ағылшын тілінде еркін сөйлеп, мемлекеттік қызмет пен мұнай компаниясында тәжірибесін шыңдап, жоғары жетістіктерге жеткен. Отбасын құрып, екі баланың әкесі атанды. Алайда, көп адамның арманы болған бұл игіліктер Бауыржанды оқыстан кезіккен сынақта сақтап қала алмады. Қапыда жақындарынан айырылып, қайғы жұтты, депрессияға ұшырады. Осы бір қиын-қыстау кезде ес жия алмай жүрген азамат теріс діни ағымның ықпалына түседі. Өзі сүрген өмірі мен ортасы, қоғам туралы кереғар көзқарастары, экстремистік ұстанымы ақырында оны темір тордың ар жағына шығарды. Сонда ғана жолынан жаңылысып, шырмауға түскенін түсініп, өкініштен өзегі өртенді. Басынан өткен бұл оқиғалардың қалай өрбігенін Бауыржан YK-news.kz  тілшісіне берген сұхбатында бүкпесіз айтты.

Деструктивті ағымдардың қоғамға келтірер зияны мен зардабын отандық ғалымдар мен мамандарымыз айтып келеді. Мұны өзіміз де күнделікті өмірден көріп келеміз. Бұлардың барлығы да алғашқы кезде адамға жылы күліп, гуманистік, ізгілік, адамгершілік ойларды көп айтып, сырт көзге жақсы көрінуге тырысады.

Бүгінде ислам әлемі мойындаған жүйелі төрт мәзһаб бар. Сан ғасырлар бойы біздің ата-бабамыз ұстанып келген имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабы. Себебі, бұл – біздің өмір салтымызбен біте қайнасып, ұлттық мәдениетімізбен тұтасып кеткен бағыт.  Десе де, ғасырлар бойы ата-баба берік ұстанған діннен теріс айналып, адасқандар көбейді. Сирияда жүрген жиһадшылар – соның бір көрінісі. Соңғы уақытта жат ағымға еріп адасқандар неге көбейді, дәстүрлі емес ислами ағымдар нені көздейді, салафизм бағыты неге қауіпті деп танылды… Түйткілді тақырып  туралы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры, филология ғылымының кандидаты Айнұр Әбдірәсілқызы пікір білдірді.

Ілгергі мұсылман ғалымдары исламдағы өзекті тақырыптардың түйінін тарқатып кетті. Бүгінде ғалымдар ортасында шешімін тапқан діннің ішкі үркіндерінен ілік іздеп, жалпы жамағаттың ауызбіршілігін бұзушылар кездеседі. Осы жайттарға байланыс­ты белгілі ғұлама Шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуфтің «Талас-тартыстар» атты еңбегінен Құран мен Сүннет бойынша жамағат арасында таласқа түсіп жүрген мәселелердің шариғи дəлелдерін жариялауды жөн санадық.