Бүгін Мекке қаласында жергілікті уақытпен сағат 00:43-те сирек болатын айрықша құбылыс орын алды. Нақтырақ айтқанда, астрономдардың пікірінше, осы сәтте толған Ай Қағбаның дәл үстіне келді.

«Ай солтүстік/солтүстік-шығыс ендіктен көтеріліп, солтүстік/солтүстік-батыс ендікке өтті», – деді Жидда астрономия ассоциациясының президенті Маджед Әбу Захира.

Оның сөзінше, жергілікті уақытпен сағат түнгі 12:43:34-те (Нұр-Сұлтанша түнгі 02.43) толған Ай Қағбаның тура үстіне келді, оның беті 99,9 пайызға жарқырап тұрды. Бұл сәтте Ай Жерден 381,125 шақырым қашықтықта болған еді.

Пікір жазу