KAZISLAM – «Боко Харам» экстремистік тобының содырлары өткен бейсенбіден жұмаға қараған түні Нигерия шекарасына жақын орналасқан Камерунның Қиыр Солтүстік аймағындағы ауылға шабуыл жасады. Нәтижесінде кем дегенде үш бейбіт тұрғын қаза тапты, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі камерундық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындар «Боко Харам» мүшелері кем дегенде үш адамды өлтіріп, тағы бес адамды ұрлап әкеткенің хабарлады. Оқиға болған кезде ауыл тұрғындарының көпшілігі ұйықтап жатқан. Ұрланған адамдарды құтқару жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар, жергілікті дереккөз Синьхуаға «Боко Харамның» содырлары 16 қазанда Қиыр Солтүстіктегі тағы бір шекара ауылына шабуыл жасап, жергілікті тұрғындарды тонады деп мәлімдеді. Ол кезде зардап шеккендер болған жоқ.

Пікір жазу