Сейсенбі, 6 Маусым, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Біреуді өлімнен құтқарып қалған адамның жаны жәннаттық

24.11.2022
- Қоғам
0
263
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Төтенше жағдайлар ми­нистрлігі берген дерекке сүйен­сек, қазір елімізде 422 өрт сөн­діру бөлімшесі бар, онда 19 719 өрт сөндіруші-құтқарушы жұ­мыс істейді. Олардың орташа жасы – 30 жас.

Жақында елордалық өрт сөндіруші Асқар Забикулин өз өмірін қатерге тігіп, өртеніп жатқан пәтерден үш адамды аман алып қалған болатын. Бірақ өзінің денесінің көп бөлігін күйік шалып, ауруханаға түсті. Дәрігерлер Асқар Забикулиннің өмірі үшін үш күн бойы күрессе де, өжет азамат аурухана төсегінде көз жұмды.

Күні кеше қазіргі заман батырының денесі жер қойнына тапсырылды. Марқұмның жаназасы Көкшетау қаласының орталық мешітінде оқылды. Туған-туыстары Асқарды өзінің туған жері Біржан сал ауданындағы Үлгі ауылында жерледі. Марқұммен қоштасуға көп адам келді. Сондай-ақ ел бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерінде бүгін Асқарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

«Алла Тағала Қасиетті Құранның «Мәида» сүресінің 32-аятында: «…Кім оны тірілтсе (өлімнен құтқарса), барлық адамды тірілткенмен тең деп жаздық…» делінген. Яғни кім біреуді өлімнен құтқарып қалса, бүкіл адамзатты өлімнен құтқарып қалғандай болады.

Шәһид (шейіт) деп Алла жолында қаза тапқан және дінін, абыройын, отанын дұшпаннан қорғап қайтыс болған мұсылман адамға айтылады.

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің айтуынша, шейіт жалпы екі түрге бөлінеді екен.

«Біріншісі, кәмiл шейіт. Алла жолында соғыста, бүлікшінің және қарақшының қолынан қаза тапқан адам бұл дүниеде де, ақыретте де шейіт саналады.

Салт-дәстүр ұғымының құрылымы

Салт-дәстүр ұғымының құрылымы

05.06.2023
АЛЖИР: Азалы жылдар жаңғырығы

АЛЖИР: Азалы жылдар жаңғырығы

31.05.2023

Екіншісі, ақыретте шейіт қатарына қосылатын мұсылман. Ол ақыретте шейіттік дәрежеге және оның сауабына ие болады. Ақыреттік шейітке іші өтіп, оба ауруымен, суға батып немесе өртеніп өлгендер және т.б. жатады.

Бұлардың кәміл шейіттен айырмашылығы – оларды жуып, кебіндеп, жаназасы шығарылады. Ал кәміл шейітке ғұсыл рәсiмi жасалмайды, тек үстiндегi қаннан өзге нәжiстен тазартылады. Өз киiмi және үстiндегi қанымен жаназа намазы оқылып, жерленеді»,  дейді Діни басқарма.

Шынымен бейбіт күндегі тілсіз жаудан қапыда шейіт болған азаматтың қазасы ел-жұрттың қабырғасын қайыстырды. Мемлекет басшысы да өрт кезінде ерлік көрсеткен және бірнеше адамның өмірін құтқарған елордалық өрт сөндірушінің есімі елдің есінде мәңгілікке сақталып қалуы үшін елордалық көшелердің біріне аты берілетінін айтты.

Әр дабылда өліммен бетпе-бет келетін өрт сөндірушілердің есімі ел есінде қалуы керек. Себебі бұл мамандық иелерінің жұрт алдында «жарқырайтын» сәттері жаңалықтың ғұмырымен бірге бітеді. Үш, төрт күн, көп дегенде бір апта… Күн сайын басын қатерге тігетін қаһармандар одан ары қайтадан елеусіз қалып жатады.

Балжан ӘБДІРАШ

Тегтер: Асқар Забикулинбасты тақырыпҚМДБөртШейіт болу
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Тәжікстанда Орта Азиядағы ең үлкен мешіт ашылады
Жаңалықтар

Тәжікстанда Орта Азиядағы ең үлкен мешіт ашылады

06.06.2023
ҚМДБ: әл-Азһар университетімен екіжақты келісім жасалды
Жаңалықтар

ҚМДБ: әл-Азһар университетімен екіжақты келісім жасалды

05.06.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Аллаға тәуекел қылу деген не?

Аллаға тәуекел қылу деген не?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Адам құқығы мен бостандығы – негізгі құндылық

    383 рет бөліскен
    Бөлісу 153 Твитерге 96
  • Жаһандану үрдісінде ұлттық бірегейлікті қалай сақтаймыз?

    833 рет бөліскен
    Бөлісу 330 Твитерге 206
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    6691 рет бөліскен
    Бөлісу 2676 Твитерге 1673
  • Дұрыс дұға жасау әдебі

    4372 рет бөліскен
    Бөлісу 1747 Твитерге 1092

Соңғы жарияланымдар

Еуропадағы мұсылмандар: Француз еліне шолу

06.06.2023
0
Еуропадағы мұсылмандар: Француз еліне шолу

Толығырақ оқу

Алланы сынауға болмайды

06.06.2023
0
Матуридиты и ашариты о сыфатах Всевышнего Аллаха

Толығырақ оқу

Мейрамбек ПАЗЫЛБЕКОВ: «Арал бекіресін келесі ұрпаққа жоғалтпай жеткізу – үлкен арманым»

06.06.2023
0
Мейрамбек ПАЗЫЛБЕКОВ: «Арал бекіресін келесі ұрпаққа жоғалтпай жеткізу – үлкен арманым»

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00