– Бұл бір түйір мейізді не істеймін? деген кейіп танытып, артқа шегінгендей болады. Айналадағы адамдар да Айша анамыздың бұл қылығына таң қалып қарайды. Сонда Айша анамыз:
– Мұны ала ғой. Егер бұл садақам қабыл болса, онда мұның ішінде Алла қиямет күнінде амал таразысына қоятын қанша мейіз бар екенін білесің бе? – деп қолындағы мейізін қайыршыға ұстатады. (имам Суютый)
Түйін: Алла тағалаға жасалатын құлшылықтың негізі – ықылас. Сондықтан Алла үшін берген садақаның көлемі емес, шынайылығы маңызды. Берген садақаларыңыз қабыл болсын.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ