Қандай да бір парыз намаздың уақыты шыққанын білместен, уақыты шықпады деп намазды оқыса, ол намаздың қазасы өтелген болып саналады. Сол намазды қайта оқудың қажеті жоқ. Мысалы, егер бір кісі бесін намазының уақыты әлі шыққан жоқ деп есептеп, бесін намазын оқыса, содан кейін барып уақыттың шығып кеткені анықталса, ол намазы қазаның орнына жүреді.