28 мамыр. KAZISLAM – Қасиетті Рамазан айының құрметіне Атырау облысының бас мешітінде 500 отбасыға азық таратылды, деп жазады islam-atyrau.kz.

Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров азық-түлік тапсырды. Әрқайсы 30 килограмм болатын пакеттерде күнделікті азық түрлері салынған.

«Рамазан – рақымшылық айы. Рамазан – ізгілік пен жақсылықтың айы. Бұл айда жасалған әр қайырымды істің сауабы да мол болады. Асылында, мұқтаж жандар қашанда қоғам назарынан тыс қалмауы тиіс. Мұндай ізгілікті шаралар Рамазанмен бірге, басқа айларда да жалғасын табады» дейді Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров.