KAZISLAM – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Арапа күні еліміздің амандығын тілеген Сауд Арабия Корольдігіндегі отандастарымызға өз фэйсбук парақшасында алғысын білдірді.

Алла тағала ардақтаған әрі жасалатын құлшылықтарды артық еткен күндердің бірі – Арапа

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Қажылық дегеніміз –  Арапа. Кімде-кім Арапаға үлгерсе, Қажылыққа үлгерген болады»,-деген. Яғни қажылықтың негізгі шарты Арапа күнгі Арафа жазығындағы дұға.

Биыл тек қана біздің ел ғана емес, көптеген әлем елдерінің мұсылмандары жұқпалы індет кесірінен бес парыздың бірі қажылық рәсімдерін орындау мүмкіндігіне ие бола алмағаны белгілі. Яғни Сауд Арабия Корольдігі сырт елден қажылар қабылдамай, тек өз ішіндегі санаулы ел тұрғындарымен ғана қажылық маусымын өткізуде. Биыл елімізден қажылыққа ешкім бара алмайды.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Жолдау аясындағы жұмыстарды айтты

Дегенмен, Алланың қалауымен Сауд Арабиясы корольдігінде қызметте жүрген бір отандасымыз Мешіт Сиражет бауырымыз біздің арнайы өтініш-тілегімізбен бүгін, яғни қасиетті Арапа күні қасиетті меккедегі Арафат жазығында елдің игілігі мен халықтың амандығы үшін дұға жасады. Игі ниетіміздің орындалуына көмегін көрсеткен Қазақстанның Сауд Арабия Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Берік Арын мырзаға айрықша алғысымды білдіремін. Алла разы болсын!

Арафатта жасалған дұғаны қабыл етуші Аса Кеңшілік Иесі Раббымыз осы дұға-тілекті қабыл етіп, сындарлы сәттерімізді жақсылық пен қуанышты күндерге алмастырғай.

Мешіттеріміз ашылып, жамағатпен құлшылық жасайтын күнді жақын еткей.

Індеттен көз жұмған жандардың мекені жәннат болғай. Ал науқастанып қалған азаматтарымыздың тез сауығып кетуін тілейміз. Деніміз қуатты, әр күніміз шуақты болғай! Әмин!

Пікір жазу