Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Әл-Азһар университеті жанындағы Ислам зерттеулері академиясының бас хатшысы Назир Мұхаммед Аяд мырзамен кездесті.

Кездесуде Қазақстан және Мысыр арасындағы тарихи-рухани байланысты нығайтудың маңызы сөз болды. «Біздің Мысырға жасаған іс-сапарымыз жемісті болды. Әл-Азһар университетінің шейхы, доктор Ахмет Тайып біздің ұсынысымызды қолдап, Қазақстанға бөлінетін 25 білім грантын екі есеге ұлғайту туралы шешім қабылдады. Бұл тарихи жаңалық еліміздегі мұсылман қауымын қуанышқа бөледі. Осы сәтті пайдаланып, доктор Ахмет Тайыпқа және университет ұжымына тағы да айрықша алғысымды білдіремін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Өз кезегінде академия бас хатшысы Назир Мұхаммед Аяд Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына әрқашан қолдау көрсететінін жеткізді.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Иран Қазақстанмен ынтымақтасуға жоғары қызығушылығын растады

Басқосуда Нұр-Сұлтан қаласында салынатын Ислам академиясының оқыту жүйесі талқыланды.

Пікір жазу