Бас мүфти: «Жамандық күдік шақырады, жақсылық үміт ұялатады» (ВИДЕО)

    363

    «Жамандық күдік шақырады, жақсылық үміт ұялатады». Осылай деген ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бүгінгі эфирдегі жұма насихатының тақырыбын жақсылыққа арнады. «Хикмет» студиясының әлеуметтік желідегі эфирінде өткен уағыз барысында Бас мүфти ең алдымен адам баласы жақсылыққа үміттенуді үйренуі керек деді.

    «Адам баласына сан түрлі сынақтар келеді. Бірақ сол Жаратушы тарапынан келетін сынаққа сынып кетпей, керісінше күресу арқылы сауапқа кенелеміз. Мойымаған адам ғана жетістікке жетеді. Әлсіз пенде ғана жеңіледі. Үміт етудің бір ғана жолы ол – Аллаға шынайы түрде иман келтіру. Келешекке сеніммен қарау. Дінімізде үміт ету жайында көп айтылған. Біріншісі Алла Тағаланың кешіріміне, рақымына үміт ету. Әлемдерді жаратқан Алланың пендесіне әрдайым рақымы мол. Адам баласы қандай да бір күнәға жолықса да Алла Тағала өзінің кешірімінің ерекше мол екендігін білдірген. Міне адам баласы қаншалықты қателікке бой алдыртса да Алладан үмітін үзбеу керек. Ислам адам баласына үміт сыйлайтын дін. Сондықтан жақсы нәрсеге үміттенуіміз керек» деді бүгінгі Жұма насихатында.

    ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  "Қиындықта ел бірге": Маңғыстау мен Аралға 7500 түк жөп жіберілді

    Сондай-ақ, Наурызбай қажы Тағанұлы індетпен күрес жолында аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерге де алғысын жеткізді. Ал ауырып жатқан жандарға дұға етіп, Алладан дерттеріне шипа тіледі. Оларға тек жақсылықтан үміт етіп, қуанышты күндердің келетініне сенуге шақырды.

    Пікір жазу