Бас мүфти қор басшыларын марапаттады

    0
    61

    Бес жыл бұрын Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешіті құрылысын жүргізу мақсатында құрылған қор күні бүгінге дейін құлшылық ордасының ішкі-сыртқы тынысына соны серпін беріп, оңтайлы жағдай жасап келеді. Игі іске ұйытқы болған қор басшыларына бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы арнайы «Алғыс хат» табыстап, бағалы сыйлықтармен марапаттады.

    «Сарыарқаға сән берген сәулетті «Әзірет Сұлтан» мешітінің тек Қазақстан аумағында ғана емес, Орта Азия мешіттері арасында да айбыны артып тұрғаны белгілі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев мешіт ашылуында: «Әзірет Сұлтан» мешіті тек қана құлшылық орны ғана емес, өркениет пен мәдениет, білім мен ғылымның ордасына айналуы тиіс», – деген болатын. Бүгінде сол артылған сенімді ақтап,  құлшылық ордасының абыройы асқақтай түсуіне сіздердің де сіңірген еңбектеріңіз ұшан-теңіз. Алла Тағала жұмыстарыңызды берекелі етіп, сауаптан жазсын!» – деді Бас мүфти қор басшыларына өз лебізін білдіріп.

    Қабылдаудан соң қор басшыларына «Әзірет Сұлтан» мешітінде арнайы дастархан жайылып, ізгі тілектер айтылды. Қадірлі қонақтарға ҚМДБ-ның аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев те өз алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі. Мұнан соң кездесуге арнайы шақырылған ақылдастар алқасы мүшелері мен қор қызметкерлеріне «Әзірет Сұлтан» мешітінің біржылдық жұмыс есебі көрсетілді.

    Пікір жазу