Ресми кездесуде Бас мүфти мүфтияттың жұмысы туралы әңгімелеп берді. Сонымен қатар, ҚМДБ-ның бастамасымен осы жылдың 2 наурызында өткен Еуразия мұсылман ғұламаларының форумы жайлы сөз болды. ҚМДБ төрағасы халықаралық форумның жоғары деңгейде өткеніне тоқталды.

Басқосуда Астанада әр 3 жыл сайын өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің мақсаты мен дүниежүзі дін көсемдерін ортақ мақсатқа үндеудегі рөлі тілге тиек етілді.

Өз кезегінде дипломат уақыт бөліп, ресми қабылдауға мүмкіндік жасаған Бас мүфтиге алғысын жеткізіп, сұрақтарын қойып, емен-жарқын сұхбаттасты.

Серікбай Сатыбалдыұлы мәртебелі мейманға қазақ, орыс, ағылшын тілінде жарық көрген «Ұлы дала төсіндегі Ислам» атты кітабын сыйға тартты.

Пікір жазу