Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ректоры Саламат Идрисовпен кездесті.

Кездесу барысында аймақтағы діни ахуал, дін саласын сапалы мамандармен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

«Ислам – ғылымды, білімді қолдайтын дін. Біз кезінде Еуропа жеріне өркениет бастауын алып барған Ислам ғалымдарының жолын жаңғыртуымыз қажет. Осы ретте оқу орындарымен тығыз байланыс орнату – мақсатымыз. Сонымен бірге жат ағымдармен күресте де нәтижелі жұмыстарды бірлесе атқаруға шақырамын» деді Алтынбек Ұтысханұлы.

Пікір жазу