ДӘННІҢ ПАЙДАСЫ:
Қара тминнің дәні ең алдымен асқазанды тазалауға жақсы көмектеседі. Сондай-ақ, емізулі аналарға өте пайдалы, Себебі, оның құрамында ананың сүтін қоректі ететін күш бар. Алайда, тминнің майын емізулі аналар мен 3 жасқа толмаған балдар пайдалануға болмайды. Сонымен қатар, тмин есте сақтау қабылетін жақсартуға да айтарлықтай септеседі. Ол үшін күнделікті тминді 3 гр алып, шай қасықпен балға қосып ішу керек.
Алла елшісі (с.ғ.с.) хадистерінің бірінде қара тминге байланысты: «Қара тминді пайдаланыңыздар, себебі, ол өлімнен басқа барлық дертке ем». Сондай-ақ, Ал-Манауи: «Қара тминде барлық емге пайда бар. Дегенмен, ауру түрі көп болғанын ескерсек оны қолдану әдісіде әртүрлі болады» деген.
Бұдан бөлек тминді жыныс мүшелері ауырған кезде де алма сірке суымен қосып ішуге болады. Беттегі тері әжімдерін, яки қыртысын тазалауға да тминнің пайдасы мол.
Қара тмин майы 100% табиғи тауар саналады. Мұндай майды арнайы аппаратпен қара дәнді езу арқызы сүзіп шығарады. Тмин майы белгілі бір дәрілердің қатарына жатпайды, бірақ, адам ағзасына көп пайдасы бар.
МАЙДЫҢ ПАЙДАСЫ:
Соңғы медицина саласындағы зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, қара тмин майы түрлі ауруға қазіргі заманауи майлардан қарағанда әлдеқайда пайдалы екен. Себебі, ол асқазанның жақсы жұмыс істеуіне, иммунитеттің қалпына келуіне, шаштың қатаюы мен тез өсуіне көмегін тигізеді. Сонымен қатар, тмин майы бактерияларды жойып, қанда холестеринді азайтады. Оның құрамы А, Е, D дәрумендерге толы және жалпы айтқанда бұл май адам ағзасынан көптеген зиянды нәрселерден қорғайды. Бұған қоса жұқпалы аурулар мен тері ауруларының алдын алады.
ҚАНДАЙ АУРУЛАРҒА ПАЙДАЛЫ:
– Бедеулік
– Рактың алдын алады
– Метеоризм
– Іш өту
– Асқазан аурулары
– Астма
– Жөтел
– Грипп
ҚАРСЫ КӨРСЕТІМ:
Тмин майы таза табиғи болғандықтан оның қарсы көрсетімі аса көп емес. Дегенмен, майды екіқабат әйелдерге, ағзаны ауыстырып қайта отырғызған адамдарға және аллергиясы бар жандарға пайдалануға болмайды.
ПАЙДАЛАНУ ӘДІСІ:
Ағзаны тазарту үшін немесе аурудың бетін қайтару үшін тмин майын келесідей етіп пайдаланса болады:
Балаларға – (6 жастан асқан) бір күнде жарты шай қасықпен ішу.
Ересектерге – күніне екі рет. Таңертең аш қарынға бір шай қасық, кешке аш қарынға бір шай қасық ішуге болады (тамаққа дейін 15-20 мин бұрын ішкен жақсы).
Сонымен қатар, майдың артынан су не бал қосып ішсе өте жақсы болады. Осылайша емдеу процедурасы 3-4 ай бойы жүргізілге ем қонымды болады.
Жалғас АСХАТҰЛЫ