Дүйсенбі, 16 Мамыр, 2022
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бақтыбай БЕЙСЕНБАЕВ: Шетелде оқығысы келетіндердің көбі өз еліміздегі барды бағалай бермейді

27.08.2020
- Ислам, Сұхбат
0
652
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Шетелге дін оқуына аттанғандар қандай білім алып жатыр? Олардың діни білімді өзге елден іздеуі мемлекетіміздің тұрақтылығына қауіпті емес пе? Сондай-ақ елімізде қандай дін мамандықтарын жетілдіру қажет? Осы және өзге де өзекті мәселелер жөнінде «Астана медресе-колледжінің» директоры Бақтыбай Бейсенбаев баяндап берді.

– Бақтыбай Қыдырбайұлы, қазіргі күні елімізде діни білім алуға жағдай жасалғанына қарамастан, көп жастарымыздың шетел асуына не себеп деп ойлайсыз?

– Білім алу – мұсылмандық міндет. Әр мұсылман өзіне қажетті денгейде діни білім алуды парыз санайды. Осы парыз амалды атқаруға Қазақстанда барлық жағдай жасалған. Мешіттің өзінде сауат ашу курстары, қасиетті Құран сүрелерін жаттау курстары ұйымдастырылған.

Қазақстан Республикасында діни білім алудың курстық денгейден PhD докторы, ғалым атануға дейінгі білім беру үрдістері жолға қойылған. Бүгінгі күні біз бір ислам университеті және тоғыз медресе жұмыс істейді.

Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Ә. Назарбаев 1993 жыл­дың өзінде бұл мәселеге бейжай қарамай, діни білім алуға шетелге шықпай-ақ, өз елімізде оқыту мәселесі көтерді. Египет Араб Республикасына жасаған сапарындағы екіжақты келісім нәтижесінде, мың жылдық тарихы бар Әл-Азһар университетінің ең танымал ғалымдарын Қазақстанға шақыртып, Алматыда 2000 жылы «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетін ашқызды. 2007 жылы «Астана» медресесін салдырып, ашылу салтанатына қатысты. Сондай-ақ өз қолымен ел игілігіне табыстады.

Менің ойымша, шетелде оқығысы келетіндердің көбі – өз еліміздегі мүмкіндіктерді түсіне бермейтіндер. Содан кейін, шетелден діни білім алу өз еліміздегі белгілі ғалымдар тарапынан көп сынға да ұшырады. Мысалы, басқа жақта көп жыл діни білім оқыған отандастарымыздың бір тобы елге дұрыс, пайдалы білім бере алмады. Заң бойынша білім беру процесі халқымыздың ұлттық салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылатынын ескермеді. Сондықтан ғалымдардың сынына ұшырады, халық қабылдамады.

Осыған орай, шетелге отандық діни оқу орындарын үздік бітірген азаматтарды ғана жіберуді дұрыс көремін.

Түркістанның соңғы мүфтиі

Түркістанның соңғы мүфтиі

13.05.2022

Ислам – ынтымақ діні

13.05.2022

– Мысалы, қай елден білім алған дұрыс деп есептейсіз?

 – Діни мамандарды елімізде жұмысқа орналастыратын мекеме – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. Сондықтан шетелдік оқу орнында білім алуды қалайтын үміткер Діни басқарманың жолдамасын алғаны маңызды. Себебі, мүфтиятымыз бірнеше шетелдік атақты оқу орнымен меморандумға қол қойған және сол жаққа жолдама бере алады.

Шетелде білім алғысы келген үміткерлерді ҚМДБ «Қазақстан Респуб­ликасының шетелге білім алуға шығатын азаматтарына арналған дін мәселелері бо­йынша жадынама» атты арнайы қабылданған құжатпен таныстырады. Оқуға түскеннен кейін сол оқу орнымен хабарласып отырады, тіпті, өздері барып, оқытушылар құрамымен байланыс орнатады.

Сондай-ақ студенттердің оқу үлгерімдерін қадағалай алады. Бұл өз кезегінде студентке және оның ата-анасы үшін өте тиімді. Қазіргі таңда муфтият Түркия Республикасындағы «Хасеки жоғары діни академиясына» және Египеттегі «Әл-Азһар университетіне» жыл сайын іріктеу емтиханын өткізіп, жолдама беріп отырады.

Шетелде діни білім алғысы келетін үміткерлерге айтар кеңесім – ҚМДБ тарапынан өткізілетін іріктеу емтихандарынан жоғары баға алып, аталмыш екі оқу орнына жолдама алу керек.

– Шетелде білім алудың қандай артықшылықтары бар?

– Жоғарыда айтқанымдай, білім алу – мұсылманға парыз болса, бір салада білім алып, оған мамандану – парыз кифая. Парыз кифая – мұсылмандардың арасынан бірі атқарса, басқалары жауапкершіліктен босатылатын амал. Ондай амалды ешкім орындамаса, онда бүкіл қоғам жауапты әрі күнәһар атанады. Осы тұрғыдан қарағанда, бір саланың жетік маманы атану үшін шет елдерден білім іздеу уақыт талабынан болып отыр.

Мысалы, бізде ислами білімдер, яғни «Құран», «хадис», «шариғат» және тағы басқа пәндер жалпы оқытылады. Бітірген соң «Исламтану» мамандығы беріледі. Елдегі діни білім осы бағытта өрбіді және қалыптасты. Ал діни білім көп саланы және мамандықтарды қамтиды.

Шетелдердегі діни оқу орындарда бізде жоқ мамандықтар бар және олар терең оқытылады. Мысалы, «Ислам экономикасының маманы», «Құрантанушы», «хадистанушы», «уағызшы», «діни пән мұғалімі», «пәтуа ісіне жауапты», тіпті өзге дін өкілдерімен байланыс орнататын арнайы мамандықтар оқытылады. Осы тұрғыда кейбір діни мамандықтарды толық игеру үшін шетелге жіберуге мәжбүрміз, сондай-ақ оларға қолдау көрсету абзал.

 – Олар елге оралғанда маман ретінде сұранысқа ие бола ала ма?

– Әрине, сұранысқа ие болады. Жаппай бір мамандыққа ғана емес, қажетті әртүрлі мамандықтарға жолдама беріп отырса болғаны.

– Отандық дін мамандарының діни біліміне көңіліңіз тола ма?

– Білімді, білікті мамандардың қатары жыл санап артып келеді. Аз да болса, шетелік оқу орындарын үздік тәмамдап, діни бір саланы терең меңгерген мамандар елдегі діни салаға өз үлестерін қосып, еңбектеніп жүр. Дін саласындағы мамандар – олар имамдық қызмет істеп жүрген азаматтар. Олардың басым көпшілігі отандық діни оқу орындарының түлектері.

Бүгінгі имам – ұлттық мүддені көздейтін, мемлекетшіл, елдің тыныштығын, амандығын тілейтін жұрт жанашыры. Сондай-ақ халықтың нағыз өкілі. Олардың төңірегіне топталған жамағаттың жиналуы соның айғағы. Имамдар халықтың арқасында мешіттерді ұстап отыр және қайырымдылық шараларын ұйымдастырып жүр. Имамдарымызға басшылық жасап отырған Бас мүфти басқаратын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының абыройы күн санап артуда.

– Шетелден білім алып, жат ағымның жетегіне еріп, соның үлгісін елімізге алып келіп жатқандар бар. Осы жайында не айта аласыз? 

 – Соңғы жылдары әртүрлі діни ағымдардың белсенділігінің артуы, экстремистік, террористік ұйымдардың ашық наразылыққа шығуымен қоғамдық-саяси және діни ахуал күрт күрделенді. Бұған қоса, әртүрлі жалған және деструктивті ұйымдарға мүше атанып үлгерген, шетелде діни білім алған азаматтар Қазақстан аумағында өз жамағаттарын, қа­тар­ларын толықтыруды көз­дей­тіндігі анықталды.

Сол үшін ел азаматтары, оларға жауапты ата-аналар өз балаларының білім алатын елін таңдау барысында сол мемлекеттің қоғамдық-саяси және діни ахуалы туралы ой түйіп, оның тарихын, мәдениетін, діні мен ділін біліп алғаны жөн. Бұл жағдайдың бәрінде де ата-ананың орны өте жоғары. Баланың қайда барып, кімнен, не оқып үйренетінін, қай мамандықтың иесі атанатынын алдын ала білгені дұрыс.

Алдын ала шетелде оқуға ниетті үміткерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілу керек. Себебі, кешегі Сирияға аттанғандардың көбі – шетелдегі күмәнді оқу орындарының түлектері.

– Сіздің ойыңызша, қазіргі таңда қандай дін мамандықтарына көбірек көңіл бөлу керек?

 – Қазір елдегі ең үлкен білім ордасы – «Нұр-Мүбарак» университеті. Аталмыш оқу орнының білікті мамандары діни білім беруді салаға бөліп, терең оқытуды жолға қоя бастады. Осы салаларды біртіндеп мамандық деңгейіне көтеруді қарастыру керек. Содан кейін, бір саланы жақсы меңгерген маманды оқытып шығару үшін оны медресе қабырғасынан бастап үйрету қажет.

Медресе-колледждер мен университет арасындағы білім беруді сабақтастыру жұмыстарын жасаудың тиімділігі мол. Отандық діни білім беру мекемелеріне, яғни, университетіміз бен медресе-колледждерімізге мемлекет тарапынан оқу-әдістемелік және қаржылай қолдау қажет.

– Бақтыбай мырза, жастарға қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?

 – Жас­тар – біздің болашағымыз. Олар үшін жауаптымыз. Жауапкершілік – аманат. Жауапкершілік ұмытылса, болашаққа, жастарға қиянат жасалған болады. Сондықтан оларға тура жолды нұсқау, қажетті, сапалы білім алу жолдарын көрсетуге жаратушы Алланың алдында міндеттіміз.

Жастарға ақыл-кеңес ретінде Пайғамбарымыз саллаллаһу әлайһи уәсәлләмнің: «Ізгілік үлкендеріңмен бірге. Үлкенді сыйламаған бізден емес», – деп айтқан ескертуін жадынан шағармауға кеңес берер едім.

– Қоғамға пайдасы тиер мол мәлімет бергеніңізге рақмет!

 Балжан ӘУЕЗХАНҚЫЗЫ

Тегтер: «Астана» медресе-колледжіБейсенбаев БақтыбайҚажетті мамандықшетелдік діни оқу орындары
Бөлісу16Твитерге10Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

«Астана» медресе-колледжі: Жаңа оқу жылына іс-шара ұйымдастырды

01.09.2021
Видео

Тәрбиемен берілген білім – өлшеуі жоқ қазына

02.08.2021
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ата Заң туралы 20 дерек

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Бауыржан Әлиұлы жариялаған ой салар соңғы 10 пост

    Бауыржан Әлиұлы жариялаған ой салар соңғы 10 пост

    63 рет бөліскен
    Бөлісу 25 Твитерге 16
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    2047 рет бөліскен
    Бөлісу 819 Твитерге 512

Соңғы жарияланымдар

Дін атынан білімсіз сөйлеу қауіпті

16.05.2022
0
Дін атынан білімсіз сөйлеу қауіпті

Толығырақ оқу

Қажылық электронды жүйесінің басшысы болатын өзгерістермен бөлісті

16.05.2022
0
Қажылық электронды жүйесінің басшысы болатын өзгерістермен бөлісті

Толығырақ оқу

Мемлекеттің мүлкін рұқсатсыз пайдалануға бола ма?

16.05.2022
0
Мемлекеттің мүлкін рұқсатсыз пайдалануға бола ма?

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00