3 маусым. KAZISLAM – Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдурахманов Еңбекші аудандық «әл-Біләл» мешітінің тыныс-тіршілігімен танысты.

Кездесу аясында аудандық мешіттің бас имамы Еркебұлан Қарақұлов мешіттің тыныс-тіршілігі мен мешіт жанындағы «әл-Біләл» Құран жаттау орталығының жұмысы жайлы баяндады.

Бақдаулет қажы Нұрматұлы ҚМДБ-ның төрт бағыт бойынша жұмысын әрі қарай дамытуды һәм сапалы орындау қажеттігін түсіндірді.

Пікір жазу