Тағы 510 мешіт салынып жатыр

Кеше Бангладеш үшін айрықша күн болды: «Үлгілі мешіттер» бағдарламасы шеңберінде ел көлемінде 50 жаңа мешіт салтанатты түрде есігін айқара ашты.

Бұл құлшылық үйлері қазіргі заман талаптарына толық жауап беретін «үлгілі мешіттер» бағдарламасы аясында пайдалануға берілуде. Айта кетейік, аталған бағдарлама бойынша 560 мешіт салу көзделген.

Қазіргі күні тағы 510 мешіттің құрылысы жүріп жатыр. Оларды 2023 жылдың соңына дейін қолданысқа беру жоспарланып отыр.

Құрылыстың бас инженері Муслихуддин Ахмедтің айтуынша, әр мешіт кешенінде кітапхана, оқу орталығы, зерттеу орталығы, «аутизм бұрышы», балаларға арналған орталық және қажыларды тіркеу бюросы жұмыс істейді.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Ауғанстанда әйелдер демократияға қарсы митингке шықты

Мешіттер үш санатқа бөлінген. А санатындағы құлшылық үйлері төрт қабатты, жеделсатымен жабдықталған және ауданы 2360 шаршы метрді құрайтын болады. Осындай 69 мешіт салу көзделуде.

В санатындағы мешіттердің көлемі кішірек, әр қабатының ауданы 1680 шаршы метрді құрамақ. Осындай 475 мешіт тұрғызылады.

Одан бөлек, С санатындағы 16 мешіттің әрбір қабаты 2052 шаршы метрден тұрады.

560 жаңа мешітте бір мезгілде 494 000 ер адам мен 31 400 әйел адам құлшылық жасай алады. Жыл сайын мешіт жанындағы оқу орталықтарынан 14 000 Құран қариы шығарылмақ.

Пікір жазу