Күндердің күнінде ардақты пайғамбар с.а.у. серуендеп жүріп бір топ балаларды көреді. Олар тайға мініп, бір бірімен жарысып, ала-сұра ойнап жатыр екен. Олардың ойынын тамашалап әрі қызығып тұрған бір бала шетте тұрғанын байқаған пайғамбар с.а.у.оған жақындап:
– Сен неге ойнамай тұрсың, дейді. Сонда ол мұңайып:
– Менде ойнайтын тай жоқ, дейді. Баланың көңілін түсірместен Аллаһ елшісі оған:
– Мен сенің тайың болайын. Мен де шаба аламын, кісіней аламын. Қанекей, мін арқама, дейді.
Бала қуанып, пайғамбардың с.а.у. артына міне кетеді. Бірақ, бала тайдан артық әрі жер бетіндегі адамзаттың ең абзалы, Аллаһтың сүйіктісі болған елшінің с.а.у. артында екенін аңғара қоймайды.
Түйін: Баланы ойнатыңдар, қуандырыңдар, еркелетіңдер. Себебі, оның қанша ғұмыр сүретінін ешкім білмейді.
Жалғас АСХАТҰЛЫ – дінтанушы