Жаңалықтар

Бағыт – айқын, меже – белгілі, болжам – нық

Қазақ жұрты қарышты қадамын жалғастыруда. «Нұрлы жол – болашаққа бағыт» атты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кезекті Жолдауы бұл сөзімізді растай түсті. Келесі жылға арналған бас құжаттан еліміздің экономикалық-әлеуметтік өрлеуінің бағдарының дұрыстығын айқын көреміз. Және мемлекет басшымыздың көрегендігіне тағы бір мәрте көзіміз жете түседі. Неге? Өйткені, дәл қазіргі әлемдегі ахуалды қай жағынан алып қарасаңыз да, күрделене түскеніне дау жоқ. Қаржы дағдарысы, девальвация, әлеуметтік мәселелер, тіпті, діндердің тыныс-тіршілігіне дейін. Ал мұндай жағдайда тек байыптылық пен дұрыс шешім ғана қажет.

Қазақстан тағы бір сындарлы сәтті басынан өткермек. Алайда, бұдан да сүрінбей шығатынымызға сенім мол. Себебі, бағыт – айқын, меже – белгілі, болжам – нық.

Әлбетте, дін қызметкеріне экономика, саясат, әлеумет тақырыбында сөз қаузау қиынға соғар. Десе де, ел ішінде жүргендіктен, жамағат арасында болатындығымыздан көп жайтқа қанықпыз. Бірлігіміз – бекем, татулығымыз – мығым. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауы жолдарынан «Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел!

Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы» дегенді оқыдым. Міне, менің де, күллі мұсылман бауырларымыздың да көкейлеріндегі сөз осы. Осындай ұстанымымыздан айнымасақ, басты мақсатымыз – дамыған отыз елдің қатарына да қсылатын күннің жақын екеніне күмән жоқ.

 

ҚМДБ наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Ораз

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close