11 шілде. KAZISLAM – Биылғы қажылық маусымының басталуына байланысты 15-18 шілде күндері республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Нұр-Сұлтан қаласының қажыларына арналған дайындық дәрістері өтеді, – деп жазады muslim.kz.

Дәріс сабақтары аясында қажылық рәсімдері жайлы ақпарат беріліп, ұлық сапардың хикметтері түсіндірілмек. Арнайы әзірленген көрнекілік құралдарын пайдалану арқылы қатысушыларға қажылық кезінде орындалатын құлшылық рәсімдері көрсетіліп, қасиетті сапарды барынша сауапқа толы өткізу жолдары үйретіледі.