Ол Арафаттың қасына келген уақытта:
– Алла Тағаладан мені тозақ отынан азат ете гөр деп сұраймын және үміт етемін. Алланың разылығы үшін сендерге азаттық беремін! – деп отыз мың дирһамды отыз құлға таратып, әрбірінің астына ат беріп, азаттық берген екен.
Ескерту: Абдулла ибн Жағфарды (р.а.) Алланың елшісі (с.ғ.с.) алдына жиі алып, еркелетіп өсірген балалардың бірі. Оның әкесі – алғашқы мұсылмандарды Эфиопияға бастап барған әйгілі сахаба – Жағфар ибн Әбу Талиб. Демек, ірі тұлғадан ұлы перзент дүниеге келеді деген осы шығар.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ