Біздің мәзһабта азан айтудың үкімі муәккад, яғни бекітілген сүннеттің ішінде, кифая сүннет қатарынан саналады. Сондықтан бір ауданда, бір мешітте айтылса жеткілікті. Ал, азан айтылмаса, сол аудандағы мұсылмандарға күнә жазылады. Қалада тұратын адамдарға мешіттерде азан айтылатындықтан азан шақырмай-ақ намаз оқуға болады.
Ал, екінші сұрағыңызға келсек, әрине, уақыт болса мешітте бола тұрып, намазды оқып шыққанның сауабы мол. Алайда, асығыс жағдайда намаздың уақыты кіргендіктен намазды жеке өзіңіз оқып шыға беруге рұқсат бар. Бірақ ол мәкрух саналады. Ал егер өзіңіз намаз оқып болған кезде, жамағат қамат айтып намазға тұрса, жамағатқа қосылып намаз оқысаңыз жамағаттың сауабын аласыз. Бірақ, сіз парыз намазын оқып қойғандықтан ол намаз сіз үшін нәпіл орнына жүреді.