KAZISLAM – 1-ші қазанда Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілеповтың төрағалығымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша «Азаматтық алаң» талқылау клубының отырысы өтті.

Кеңеске сараптамалық және ғылыми қауымдастық, азаматтық сектор және қоғамдық пікір көшбасшыларының өкілдері қатысты.

Талқылау қорытындысы бойынша Бағдарламаны жетілдіру және одан әрі тиімді іске асыру бойынша нақты бағыттар мен жаңа тәсілдер қалыптастырылды.
Мысалы, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бойынша іс-шараларға, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз етуге, туған өлкесін дамытуға бағытталған жаңа бағыттарды енгізу ұсынылды.

Сондай-ақ, талқылау барысында балаларға арналған мемлекеттік тілдегі контентті (мультфильмдер, әдебиет) әзірлеу ұсынылды.

Пікір жазу