Қазақстанда барлық дін өкілдеріне бірдей жағдай жасалған (ВИДЕО)

    1023

    Нұр-Сұлтан. 28 тамыз. KAZISLAM – Қазақстанда «Діни бірлестіктер туралы Заңның» аясында әрбір дін өкілі өзінің ғибадатын жасауға толық еркіндік алған, – дейді  «Нұр-Астана» мешітінің бас имамы Асқар Мұқанов.

    Ол бұл туралы елордада Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай ұйымдастырылған Қазақстандағы діни бірлестіктер өкілдерінің кезекті отырысында айтты.

    –Бүгінде тәуелсіздік алғанымызға, мінеки, 30 жылға аяқ бастық. Осы кезеңде қабылдаған біздің Ата Заңымыз – Конституциямызда діни наным-сенім еркіндігіне баса назар аударылған. Қазақстан – қазіргі таңда толеранттылықтан бүкіл әлемге үлгі болып отырған мемлекет. «Діни бірлестіктер туралы Заңның» аясында әрбір дін өкілі өзінің ғибадатын жасауға толық еркіндік алған. Алайда, қанша дін, діни бірлестік, қанша дін өкілі болса да Қазақ елінің Ата Заңына бағынуға міндетті. Өйткені, ол заң әрбір Қазақстан азаматының мүддесі үшін жасалғанын ұмытпауымыз керек, – деді ол.

     

    Пікір жазу